Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Басты міндет – жемқорлық індетімен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын іске асырудағы шаралардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі. Ол Ұлт жоспарын іске асырудағы 100 нақты нақты қадамында да көрініс тапты. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге маңыз берген Мемлекет басшысы 13 қадамда жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құруды тапсырады.
Сондай-ақ 3 қадамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру және үш сатылы іріктеу жүйесін енгізуге бағытталды. Осы бағытта бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдар аясында көптеген жұмыстар жасалып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын орындаған кезде мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін адал орындау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау олардың жолын кесу және ашу мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері тіркелуге алынып, мерзімінде орындалуы үнемі бақылауда.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Жалпы, бүгінгі күннің, біздің қоғамымыздың басты міндеті – жемқорлық індетімен күрес жүргізіп, оның тамырын қию. Біз мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында «жемқорлық – індет, жою –міндет» қағидасын басшылыққа алып, еңбек етеміз.
Қорыта айтқанда, ұлт жоспарындағы бұл қадамдарды іске асырудағы маңызды бағыт- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын арттыру. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп, жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.


Мақаланың шыққан күні: 12.02.2019 09:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2019 09:17

Қаралым саны: 682