Array Күзгі-қысқы аңшылық маусымы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Күзгі-қысқы аңшылық маусымы

Атырау облысы аумағында 2015 - 2016 жылғы күзгі - қысқы аңшылық маусымы 2015 жылдың 16 қыркүйегінен бастап ашылды.

Аңшылық маусымында аң аулауға рұқсаттар Атырау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК – на берілген болатын.

2015 жылға суда жүзетін жабайы құстар, қоян мен жабайы шошқа (қабанға) аулауға жалпы 3005 дана рұқсат қағазы берілді.

Оның ішінде Атырау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамына атап айтсақ 72 000 бас үйрекке, 7237 бас қазға, 900 бас шілге, 993 бас қасқалдаққа, 60 бас жабайы шошқа (қабанға), 1125 бас қоянға, жалпы 2703 рұқсат қағазы берілсе, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына 5000 бас үйрекке 249 рұқсат қағазы берілді. «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК – на Қазақстан Республикасы аумағындағы жабайы фаунаның жануарлар әлеміне эпизоотиялық мониторинг жүргізуге 8 бас үйрек, 7 бас қасқалдақ, 1 қабан және 1 қазға рұқсат берілді.

Облыстық бюджетке 77 000 үйректен – 4 625 591,6 тг, 7238 бас қаздан – 1 016 409,24 тг, 900 бас шілден – 17838 тг, 1000 бас қасқалдақтан – 19 820 тг, 61 бас қабаннан – 404 328 тг, 1125 бас қояннан – 100 338,75 тг қаражат, жалпы 6 184 325,59 тг түсіп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 07.09.2016 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 11:51