Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Орлы ауылдық округ әкім аппараты

Мұфтах
Асқар Орлы ауылдық округінің әкімі
Мұфтах Асқар Зинетуллаулы

1963 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі жоғары.

1985 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген.

Мамандығы иженер – механик.

Еңбек жолын 1985 жылы Киров атындағы совхозда механик болып бастап, 1987 жылға дейін осы совхозда инженер, МТМ меңгерушісі, автогараж меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1987 - 1988 жылдары Теңіз аудандық комсомол комитетінің ІІІ, ІІ хатшысы, 1988-1993 жылдары Сүйіндік асыл тұқымды қой совхозында бас инженер, директордың қаржы жөніндегі орынбасары қызметінде.

1994-1999 жылдары Сүйіндік селолық округінің әкімі, кейін 1999 жылы Құрманғазы ауданының әкімі қызметін атқарған.

1999-2010 жылдары Құрманғазы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, Құрманғазы аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерінде.

2010-2013 жылдары Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін Орлы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 2 баланың әкесі.

 


 

Орлы ауылдық округі әкімі аппараты

Тегі, аты-жөні

Қызметі

Телефоны

Мұфтах Асқар Зинетуллаұлы

Округ әкім

3-55-96

Кибатуллин Асылхан Бимуратжанулы

Округ әкімінің кеңесшісі

3-54-11

Гилажова Гульсара Саржановна

Бас маман-есепші

3-54-40

Гумарова Гаухар Социаловна

Бас маман

3-54-11

Мусаева Нургул Кикпаевна

Жетекші маман

3-54-11

Куанышкалиева Елена Темирболатовна

Жетекші маман

3-54-11


 


 Орлы ауылдық округі бойынша өткізілген шаралар жөнінде мәлімет

Жылда округ әкімінің және мүгедектер қоғамының жетекшісі Р.Елеусизованың ұйымдастыруымен округімізде 10 қазан «Мүмкіндігі шектеулі жандар» күнін атап өту үшін арнайы жоспар жасақталады. Биылда сол дәстүр жалғасын тапты.

5 қазан күні аудандық деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбыдан, тоғызқұмалақтан өткізілген жарысқа Орлыдан ересектерден Ж.Нұржанова, С.Жанғалиев, Б.Ажғалиев, А.Хасанова, С.Айдаралиева және балалардан А.Эдуардұлы, М.Мерфахаев қатысып жалпы қомандалық есепте 1-ші орынға ие болып, бір қуантты.

9 қазан күні ауылдық округ әкімі аппараты басшылығы, мамандары мен қоғамдық ұйым жетекшілері болып ауылымызда төсекке таңылған 10-1,2 топ мүгедектерін және 3-18 жасқа дейінгі балалардың үйін аралап, хал-жағдайларын сұрап, мерекелік құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Барлығына мықты денсаулық тілеп, мерекеден мерекеге жете берулеріне тілектестік білдірілді.

10 қазан күні түске дейін Калинин ауылдық мәдениет үйінде ауылымыздың спортқа жаны құмар қамкөңіл жандары арасында дойбыдан, тоғызқұмалақтан спорттық жарыс ұйымдастырылды, ал түстен кейін мүгедектер қоғамының жетекшісі.Елеусизованың ұйымдастыруымен «Көңіл шуағы» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Шараны өз сөзімен бастаған Рая апайымыз мүгедектерді атаулы күндерімен құттықтады, бұл тілектен кейін арнайы қатысуға келген аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Қ.Қайыров, ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Хилауов та өзінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Шараны әдемі жүргізген Ф.Үмбеткалиева сөзді округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге ұсынып, осы жерде өткізілген спорттық сайыс қорытындыланып, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталып, жалғасын мүмкіндігі шектеулі жандарымыз С.Жанғалиев пен С.Капизов қазақтың қара домбырасын күмбірлеткен күйімен және С.Сатқанғалиева, Б.Әжіғалиева, Б.Әжіғалиевтің әсем әндерімен барша қамкөңіл жандарымызға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Осы шараны өткізу барысында демеушілік жасаған ауылымыздың кең жүрек жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалық басшылары А.Бисеновке, Е.Нигметовке, Г.Жанғатаеваға, Р.Аутановаға, Р.Кубашевқа, С.Айдаралиевке, А.Сатыбалдиевке, Е.Хайрлиевке, С.Нурумовқа, Ш.Мұфтахқа, Орлы ауылдық округі әкімі аппараты атынан зор ризашылығымызды айтамыз


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 18:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.11.2017 17:52