Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Ордиев Берик Шахзадаевич

Ордиев Берик Шахзадаевич

Қатысушының аты-жөні:  Ордиев Берик Шахзадаевич, технологиялық қондырғысының операторы

Кәсіпорын: Атырау облысы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

Номинациясы: Жас қызметкерлердің үздік тәлімгері

Қысқаша сипаттамасы: Еңбек жолын 1978 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытында №1 цехтың технологиялық қондырғысының операторы ретінде бастады. Жұмыс барысында өзін сауатты және жауапты маман, өз ісінің шебері және жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Өз міндеттерін атқару кезінде жоғары білімді және еңбекқорлығымен көзге түскен. Ұжымда тәжірибелі және жауапты қызметкерлердің бірі ретінде бағалайды. Біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларға қатысады, жас мамандарды оқытып-үйретумен айналысады, алдыңғы қатарлы әдістері қазіргі заманғы технологияларды үнемі игеріп жүреді. Әрқашан өзімен бірге еңбек етіп келетіндерге үлгі-өнеге болып жүреді. Зауыт басшылығы оның кәсібилігін, алдына қойылған күрделі міндеттерімен күресу, нақты жағдайды талдау қабілеті, дұрыс шешім қабылдау қасиеттерін жоғары бағалайды. Жұмыс істеген жылдары зауытқа үлкен экономикалық тиімділікпен көптеген рационализаторлық ұсыныстарын сәтті енгізді. Өндірістегі жас мамандардың тиімді тәлімгері болып табылады.

Байланыс деректері: Атырау қаласы, З.Кабдолов көшесі, 1, тел. 8-7122-259-359


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.08.2017 09:57