Array Қоршаған ортаны қорғау | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.06.2017

Қызметтер

Қоршаған ортаны қорғау

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Төртінші билік» Атырау журналистер одағы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 тамызында «Атырау» конақ үйінің конференц-залында «Атырау облысы журналистерін облыстың экологиялық жағдайын ақпараттандыруға оқыту» бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Атырау облысы бойынша журналистер қатысып, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Тұржігітов Мәлік Дарынұлы, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судясы Хасан Сағат Қаламғалиұлы, Атырау облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Жакупова Алтынгүл Сәрсенғалиқызы, Жайық-Каспий Орхус орталығының үйлестірушісі Ізтелеуова Шынар Орманбекқызы және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы мен облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің аға тілшісі баяндама оқыды.

Семинар қорытындысымен қатысушыларға экологиялық жағдайды ақпараттандыруда біліктілігін арттырып, семинар жұмысына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

 

Іс-шар атауы

бюджет

 Өткізілетін орны

1

Қиғаш өзені тармақтарындағы қатты өсімдіктерді шабу және құлаған ағаштардан тазарту арқылы балықтардың өсімін молайту жөніндегі биотехникалық іс-шараларды жүргізу

5 000 000

 

Курманғазы ауданы

2

 «Шарон  өзенінің  лайлануын болдырмау, оңтайлы санитарлық жағдайы мен қолайлы гидрологиялық режимін ұстау үшін тазалау

15 107 725

 Курманғазы ауданы

5

 Экологиялық білім беру мен насихат жүргізу

10 000 000

 Атырау облысы бойынша

10

 Көкарна өзенінің (Шарон ө. саласы) лайлануын болдырмау, оның қолайлы гидрологиялық режимі мен санитарлық жағдайын ұстау және оның экожүйелерінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, өзен суларын тазалау, тұрақты су жүргізіп тұру

38 662 550

 Курманғазы ауданы

12

 Жылыой ауданының Құрсай өзенінің лайлануын болдырмау және санитарлық жағдайын, қалыпты қолайлы гидрологиялық режимін ұстау бойынша ТЭН жасақтау

12 851 899

Жылыой ауданы

13

 Жылыой ауданы Қамысколде қатты өсімдіктерді шабу арқылы оның санитарлық жағдайымен гидрологиялық режимін ұстау, сондай-ақ оның экожүйесінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету

2 000 000

Жылыой ауданы

 

Зинеден селосы айналасында құм басуды бөгеу жұмыстарын жүргізу

6235793

Курманғазы ауданы


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:14
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 15:11