Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы, 2020 ж. наурыз

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области, март 2020 г.2020 жылғы 5 наурыз күні облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша

атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде сексуалдық іс-әрекеттерді болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы; ерте жастан жүктіліктің алдын алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыстар; кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары бағытындағы облыстық суицидиологиялық кабинеттің жұмысы туралы.

Қаралған мәселелер бойынша Жансұлу Менешевна комиссия мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді: білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқыққа қарсы әрекеттері немесе зорлық-зомбылыққа ұшырау фактілері белгілі болған жағдайда міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлау; ерте жастан жүктіліктің алдын алу бойынша білім алушылар арасында жүргізілетін анонимдік сауалнамаларға барлық білім беру ұйымдарын қамтуды қамтамасыз ету; мектеп психологтарының қызметін зерделеу; кәмелетке толмағандардың өзі-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу.

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области, март 2020 г.


Мақаланың шыққан күні: 18.03.2020 17:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2020 17:16

Қаралым саны: 310