Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы, 2019 ж. желтоқсан

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области, декабрь 2019 годаОблыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: Жылыой ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы; облыстық «Ең үздік кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» сырттай байқауының қорытындылары, 2019 жылғы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмыс қорытындылары, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Жансұлу Менешқызы Комиссия отырысын қорытындылап, бірнеше тапсырмалар берді: Атырау қалалық, Мақат, Жылыой аудандарының әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының қызметін жетілдіру; Қызылқоға ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жоспарына Мұқыр және Сағыз ауылдық комиссиялардың жұмысын тыңдауды енгізу, қабылдаған шешімдердің орындалысына бақылау жүргізуді күшейту.

Осы комиссия отырысында Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы таныстырылды.

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области, декабрь 2019 года

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 11:55

Қаралым саны: 367