Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қызылқоға, Құрманғазы аудандық комиссияларының жұмысы; ерекше білімді қажет ететін балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекпен қамту, облыс көлеміндегі жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі тарапынан жүргізілген ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды зерделеудің қорытындылары туралы, т.б.

Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше тапсырмалар берілді: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың жұмыс жоспарына мектептерде полиция есебінде тұрған оқушылардың бос уақытын тиімді қамтуды ұйымдастыру мәселесін енгізу; комиссия мүшелері кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықты болдырмау, оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында білім беру ұйымдарында ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу; ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандарды (логопед, дефектолог, педагог-үйлестіруші) мақсатты дайындауды жүзеге асыру; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ерекше білімді қажет ететін балалардың үйден оқытуды стандартқа сәйкес жүргізуді бақылауға алу, кәмелетке толмағандарды 2020 жылғы жазғы демалыс кезеңде еңбекпен қамту мақсатында ЖШС, жеке қожалықтарға ұсыныстар жолданып, жергілікті Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы шаралар ұйымдастыру; кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін ҮЕҰ тарту; полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың медициналық-әлеуметтік есебін жүргізу бойынша атқарылған жұмысты Комиссия отырыстарында қарау; мезгілсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін Бейімдеу орталығына орналастырылған балаларды «сенімхат» арқылы алып кетуге келген туыстарына тек қана Ювеналды полиция инспекторының қатысуымен жіберу, т.б.


Мақаланың шыққан күні: 19.09.2019 10:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2019 10:04

Қаралым саны: 275