Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.09.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста келесі мәселелер қаралды: кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы, т.б.

Отырыс қорытындысы бойынша комисия мүшелеріне тапсырмалар берілді: балалар мен жасөспірімдермен жұмыстарды жақсарту және келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін білім беру ұйымында педагог-психологтарға арнайы кабинет жасақтау мәселесін шешу, білім беру бөлімдерінің жауапты мамандарының қызметі жөніндегі есептерін тындау, «Bilim Foundation» Қоғамдық қорының ұсынған жұмыс алгоритм жобасын зерделеу; білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шараларды күшейту, балалардың қаза болуының алдын алу мақсатында ата-аналар тарапынан балаларына бақылауды күшейту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Атырау қалалық комиссия мүшелерінің жайсыз отбасылардың үйлеріне шілде-тамыз айларында рейдттарын ұйымдастыру, т.б.


Мақаланың шыққан күні: 03.07.2019 10:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2019 10:21

Қаралым саны: 781