Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Атырау қалалық, Индер аудандық комиссиялардың жұмысы туралы; ішкі істер органдарының есебінде тұрған қолайсыз отбасылармен жүргізілген жұмыстар туралы, ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылған жұмыстар, Комиссия мүшелерінің қатысуымен сәуір айында өткізілген рейдтің қорытындылары туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше тапсырмалар берілді: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының қызметі жаңа форматта ұйымдастыру жағдайлары қарастыру; қыздар, ұлдар тәрбиесі бағытында жұмыстарды күшейту, Сенім телефондары қызметінің жұмысын бақылауға алу; қылмыс пен құқықбұзушылық көп орын алатын нүктелерге және түнгі клубтар, интернет клубтардың иелеріне заң шеңберінде шектеу қою, тұрақты кезекшілік ұйымдастыру; кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссияның балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында рейдттер ұйымдастыру, т.б.


Мақаланың шыққан күні: 29.05.2019 08:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2019 08:57

Қаралым саны: 708