Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер:

мектеп оқушыларының тамақтандыруын ұйымдастыру;

кәмелет жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салты ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы, бос уақытын тиімді қамту, өнерге баулу бағытында атқарылған жұмыстар туралы, т.б. мәселелер.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді: оқушылардың сапалы тамақтандыруын ұйымдастыру мәселесі бойынша сәйкесті жұмыстар жүргізу; құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстарды жақсарту бойынша қосымша білім берумен қамтуды инвестициялар есебінен дамыту мақсатында жеке меншік қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасауға тарту, Мәдениет және спорт саласына қарасты балалардың бос уақытын тиімді қамту шараларымен айналысатын мекемелерінің Білім берудің Ұлттық білім берудің деректер базасына енгізу, жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді қамту, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында «Жасөспірім», «Түнгі қалада» рейдттерін өткізу жөніндегі 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес рейдттерге шығуына жауапкершілікпен қарау.


Мақаланың шыққан күні: 16.04.2019 15:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2019 15:39

Қаралым саны: 599