Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкеновтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Балалар үйілерінің қызметі туралы, Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Кәмелетке толмағандардың арасында резонансты істердің орын алуын болдырмау туралы, Атырау облысы Прокуратурасының 2019 жылғы 21 ақпандағы №2-05-19-01413 заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуы бойынша.

Комиссия төрағасы Серік Жамбылұлы қорытынды сөзінде бірнеше тапсырмалар берді: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арналған ұйымдардың қызметін жақсарту бағытындағы шаралар кешенін жасау; балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында демеушілер сыйға әкелген ойыншықтары сапасының сараптамалық сертификаттарын болуын бақылауға алу; кәмелетке толмағандардың өмір қауіпсізідігі, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оларға зорлық-зомбылық көрсетуді болдырмау бойынша шараларға қадағалауды күшейту, отбасы тәрбиесі мәселесін Ақсақалдар кеңесі отырыстарында талқылауға ұсыну; жайсыз отбасы, сондай-ақ, өгей әкемен, азаматтық некеде тұратын отбасыларындағы бала құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстарды жүргізу; кәмелетке толмағандардың арасындағы құқыққа қарсы әрекеттері, немесе зорлық-зомбылыққа ұшырау фактілері белгілі болған жағдайда міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлау, т.б.


Мақаланың шыққан күні: 15.03.2019 11:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.03.2019 11:51

Қаралым саны: 831