Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской областиОблыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары бағытындағы облыстық суицидиологиялық кабинеттің жұмысы туралы; Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарының әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының тәжірибесін тарату және «Право» қоғамдық қорының таныстырылымы өтті.

Комиссия төрайымы Нұрсәуле Сайлауқызы бірқатар тапсырмалар берді: кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын алу, суицидке

ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, мектептің педагог-психологтарының медициналық-психологиялық бағыттағы біліктілік арттыру шараларына білікті мамандарды арнайы шақыруын ұйымдастыру, ата-аналармен жүргізетін психологиялық жұмыстарды күшейту, қалалық, аудандық әкімдіктер жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының құрамына Үкіметтік емес ұйымдарын енгізу мәселесін қарастыру.

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области


Мақаланың шыққан күні: 30.11.2018 09:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.11.2018 09:55

Қаралым саны: 805