Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Очередное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской областиОблыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы; кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салты ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы; мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі туралы; «Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылары» автоматты базасын жасақтау туралы.

Білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев облыс мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі туралы баяндады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 14-тармағына сәйкес жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша 2017-2018 оқу жылы 180 жалпы білім беретін мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, оның 168-де асхана жұмыс жасайды, 1-де - буфет.

Облыс мектептерінің 1-4 бастауыш сыныптарының 54437 оқушысы, 5-11 сыныптың 7266 әлеуметтік аз қамтылған оқушысы (аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан, жетім және жартылай жетім) барлығы - 61703 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

«Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралытамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. №717 бұйрығы сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қорытындылары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 01:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 01:40

Қаралым саны: 1461