Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралыОблыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қызылқоға аудандық комиссияның жұмысы туралы;

облыстық қоғамдық ата-аналар кеңесінің есебін тыңдау; облыстық «Ең үздік кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» сырттай байқауының қорытындылары туралы; 2017 жылғы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмыс қорытындылары туралы; 2018 жылдың жұмыс жоспары, міндеттері және 2018 жылдық жоспарын бекіту туралы.

Облыстық комиссияның 2017 жылғы жұмысы туралы мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев ақпарат берді.

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2017 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген отырыстарында балалардың құқықтарын қорғау, оқумен қамту, сапалы тамақтандыру, денсаулығын сақтау, құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын-алу мәселелерімен қатар, қосымша балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау мәселелері де бақылауға алынып, қаралады.

Қайырғали Рысқалиұлы «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі үздік қалалық, аудандық комиссия» облыстық сырттай конкурсының қорытындыларымен таныстырды.

Атырау облысында 2013 жылдан бері Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялар арасынан үздік комиссияны анықтау, тәжірибесін тарату мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі үздік қалалық, аудандық комиссия» облыстық сырттай конкурсы өткізіліп келеді.

Конкурстық комиссия мүшелері 2017 жылғы осы бағыттағы жұмыстарды қарап, қорытындылай келе, бірауыздан Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысын үздік деп таныды.

Сонымен қатар Комиссия төрағасы Нұрсәуле Сайлауқызы күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері мен қатысушыларға бірқатар тапсырмалар берді.


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2018 06:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 06:31

Қаралым саны: 1390