Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы2017 жылғы 6 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер: кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекпен қамту; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиеленушілерді постинтернаттық сүйемелдеу; кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы.

Екінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыста жетім балалардың өмірі мен мансабын жоспарлауда қолдау көрсету, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру кезінде көмек көрсетуге бағытталған жетім балаларды қолдау бойынша 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда.

Жоспар бойынша жасөспірімдердің 16-29 жасқа дейін негізгі мәселелерін, олардың туындау себептерін әлеуметтік педагогикалық диагностика арқылы анықтау және жаңа ортаға бейімделуіне көмек көрсету, әлеуметтік-психологиялық патронатқа жүгіну қарастырылған. Психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсете отырып, кәсіптік бағдар беруде мамандық таңдауға көмектесу, отбасылық өмірге дайындау, жасөспірімдердің құқықтары мен жеке бас мүдделерінің қорғалуы үнемі назарда ұсталады. Балаларға қатысты мүлік сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдердің төленуі, тегін кәсіби мамандық алуы, тұрғын үй кезегіне қойылып, баспана алуы, баспананы күтім жасауы, жұмысқа орналасуын қадағалау көзделген.

Балалар үйлерінің түлектері барлығы тегін оқумен қамтылып колледждер мен ЖОО білім гранттарының иегерлері (2014 жылы - 28 түлектің барлығы да колледжге түсті, 2015 жылы – 15 түлектен 14-і - колледжге, 1-ЖОО, 2016 жылы 9 түлектің барлығы да - колледжге).

2016 жылғы сәуір айында азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жаңа жұмыс орындарын квоталау енгізу қарастырылған (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 26.05.2016 ж.№ 412 бұйрығы).

Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасы аясында облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірген жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 93 бітіруші маманды жұмыс орнымен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Облыста 844 жетім бала үй кезегінде тұрса, олар жыл сайын тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. 2014 жылы – 163, 2015 жылы – 157, 2016ж - 92 жасөспірімге тұрғын үй берілді.

2017 жылы жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін интернаттан кейін сүйемелдеу бойынша әлеуметтік зерттеу өткізу жоспарлануда.

 

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Мақаланың шыққан күні:: 07.09.2017 23:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2017 23:37