Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

Облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер: Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыстар.

Екінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев сөз сөйледі.

Қаралған мәселелер бойынша Комиссия төрағасы Нұрсәуле Сайлауқызы бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың жұмыс жоспарына балалардың бос уақытын тиімді қамту, соның ішінде мектептердегі үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру туралы мәселесін енгізу; құқық бұзушылық және қылмыс жасағандардың есебінде тұрған кәмелетке толмағандар және жайсыз отбасылар есебінде тұрған отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізген кезде Атырау облысы Дін істері басқармасының жанындағы ахуалдық орталығының мамандарын қатыстыру мүмкіндігін қарастыру; қыздар, ұлдар тәрбиесі бағытында жұмыстарды күшейту, ата-аналардың жауапкершілігін жоғарлату бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018 00:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2018 00:44

Қаралым саны: 1201