Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы туралы

2017 жылғы 14 қараша күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер: «Мектепке жол» акциясының қорытындылары, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Мақат, Махамбет аудандық комиссиялардың жұмысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады:

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы Атырау облысы бойынша 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып өткізілді.

Акция барысында облыс бойынша 146 191,7 мың теңгеге 16 113 балаға (2016 жылы - 114 620,9 мың теңгеге 14 868 балаға) қайырымдылық көмек көрсетілді.

Акцияға қатысуға өңірдегі компания, шағын өндірістік мекемелер, ЖШС, жеке кәсіпкерлер шақырылды.

«НКОК», «Ынтымақ», «КазТрансОйл» компаниялары, «Халық банкі», «Каспийская Кадровая Ассоциация», «Өнерпаз», «Интертаско», «Орлан» ЖШС мекемелері, жеке кәсіпкерлер - «Қаршыға», «Беркад», «Ақтаң», «Жанар», «Демеген», «Мариям», сондай-ақ сауда үйлерінің кәсіпкерлері үлкен белсенділікпен демеушілік танытса, облыс бойынша орта білім беру мекемелері және жеке тұлғалар да көмек көрсетіп, балалардың мектепке баруына қамқорлық көмектерін берді.

«Мүгедек балаларға көмек көрсету» қайырымдылық қоры мектепте білім алатын ерекше білімді қажет ететін 47 балаға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырды.

Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына облыс әкімінің аппараты, облыстық маслихат, 30 облыстық басқарма, 10 ірі компания, 30-дан астам ЖШС, 100-ден аса жеке кәсіпкер, 150 жеке тұлға көмек көрсетіп, демеуші болып жанашырлық танытты.

Аталмыш шараға мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдардың, облыстық басқармалардың белсенді қатысуын ерекше атап кету керек. Соның ішінде облыстық дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы - 6 балаға 210 000 теңгенің, «Ақ жол» партиясы бір отбасының 7 баласына 150 000 теңгенің көмегін көрсетті.

Комиссия қорытындысы бойынша Комиссия төрағасы Әлібек Ибатолллаұлы әлеуметтік осал топ санатына жататын және төтенше жағдайларға тап болған кәмелетке толмағандарға қайырымдылық көмектерін мерзімінде ұйымдастыруды бақылауға алу; қайырымдылық акциялары кезінде әлеуметтік осал топ санатына жататын балаларға жергілікті бюджеттің жалпыға міндетті оқу қорынан көмек көрсетуді қарастыруды алдын ала жоспарлау; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссия мүшелері қоғамдық ата-аналар, аналар, әкелер кеңестерін тарта отырып, ата-аналар жиналыстарына қатысу; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында бала құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерінің себеп-салдарын жан-жақты зерделеу; кәмелетке толмағандарды спорттық шаралармен қамту жұмыстарын жүйелі жүргізу, мәдениет ошақтары мен спорт кешендерінің жұмыстарына рейдттер жүргізу; мектеп инспекторларының қызметінің сапалы орындалуын зерделеу ретінде тапсырмалар берді.

 


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2017 07:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2017 07:20

Қаралым саны: 1401