Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

2018 жылы түскен азаматтардың өтініштеріне шолу

2018 жылы облыс әкімі аппаратына барлығы 2003 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 1709, заңды тұлғалардан - 178, ұжымдық арыз – 114, иесі бүркемеленген арыз - 2.

Барлығы келіп түскен 2003 өтініштің 531 - і облыс әкімі аппаратымен қаралып, 1468-і мемлекеттік органдарға өз құзыреттері шегінде қарау үшін жолданды, 4 өтініш Заң талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды.

Облыс әкімдігіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 61 мәселе оң шешіліп, 1942-не заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігінің ресми сайтына 109 азаматтан сұрақтар түсіп, мемлекеттік органдардың қарау нәтижесімен заң шеңберінде жауаптары берілді.

2018 жылы облыс әкімдігі басшылығымен 391 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімімен 24 қабылдау өткізіліп, 334 азамат жеке қабылданды. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен - 17, облыс әкімінің орынбасарларымен - 36, аппарат басшысымен – 4 азамат қабылданды.

Облыс әкімінің қабылдау нәтижесі бойынша 48 азаматтың мәселесі оң шешіліп (тұрғын үй - 4, мәдениет - 2, әлеуметтік көмек - 17, денсаулық сақтау - 4, білім - 10, жұмыспен қамту – 4, коммуналдық – 1, басқа да мәселелер -6) 286-на заңға сәйкес түсініктер берілді.


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2019 09:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 11:31

Қаралым саны: 655