Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

2017 жылы түскен азаматтардың өтініштеріне шолу

2017 жылы облыс әкімі аппаратына барлығы 2199 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан - 2057, заңды тұлғалардан - 137, иесі бүркемеленген арыз - 5.

Барлығы келіп түскен 2199 өтініштің 507 - і облыс әкімі аппаратымен қаралып, 1679-ы мемлекеттік органдарға өз құзыреттері шегінде қарау үшін жолданды, 13 өтініш Заң талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды.

Облыс әкімдігіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 52 мәселе оң шешіліп, 2147-не заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігінің ресми сайтына 82 азаматтан сұрақтар түсіп, мемлекеттік органдардың қарау нәтижесімен заң шеңберінде жауаптары берілді.

2017 жылы облыс әкімдігі басшылығымен 506 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімімен 33 қабылдау өткізіліп, 399 азамат жеке қабылданды. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен - 23, облыс әкімінің орынбасарларымен - 70, аппарат басшысымен – 14 азамат қабылданды.

Қабылдау нәтижесі бойынша 36 азаматтың мәселесі оң шешіліп (тұрғын үй - 6, мәдениет - 4, әлеуметтік көмек - 6, денсаулық сақтау - 4, білім - 1, көлік саласы - 1, жұмыспен қамту – 8, жер мәселесі - 1, оқу ақысы – 1, кәсіпкерлік -1,  коммуналдық - 3) 470-не заңға сәйкес түсініктер берілді.


Мақаланың шыққан күні: 08.06.2018 05:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 09:21

Қаралым саны: 989