Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.08.2017

Қызметтер

2016 жылы түскен азаматтардың өтініштеріне шолу

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша

2016 жылы 2263 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 2135, заңды тұлғалардан - 123 арыз, иесі бүркемеленген арыз - 5.

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 60 мәселе оң шешімін тапты, 2203-не заң шеңберінде жауаптар берілді.

Өтініштер мазмұны көбінесе келесідей: тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық - 728, білім және оқу ақысын төлеу - 261, әлеуметтік және жұмыспен қамту - 210, жеке қабылдау жөнінде - 233, асфальт төсеу - 128, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағым – 77, жер және жерді пайдалану - 115, қаржы және несие - 76, денсаулық сақтау - 44, мәдениет - 128, ауыл шаруашылығы - 38, кәсіпкерлік – 37, ономастика - 25, құрылыс - 20, және өзге де - 135 (марапаттау, баспасөз, жылжымайтын мүлік, лицензиялау, спорт, гендерлік саясат, құқық қорғау, дін, экология және т.б.) мәселелерді қамтиды.

Облыс басшылығының жеке қабылдауларына 494 азамат тіркеліп, оның 375-і жеке қабылданды.

Қабылдау нәтижесі бойынша 47 азаматтың мәселесі оң шешіліп (тұрғын үй - 12, жер телімін бөлу - 3, асфальт төсеу - 3, әлеуметтік көмек - 4, денсаулық - 4, білім - 5, кәсіпкерлік - 11, жұмыспен қамту - 3, ономастика - 2), 328-не заң шеңберінде түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің блогына 65 сұрақ түсіп, 62 сұраққа заң шеңберінде түсінік берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 19.01.2017 17:07
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.01.2017 12:34