Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.07.2017

Қызметтер

2015 жылы түскен азаматтардың өтініштеріне шолу

Атырау облысы бойынша 2015 жылы келіп түскен жеке және
заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде ақпарат

2015 жылы Атырау облыс бойынша барлығы 18945 азаматтар өтініші келіп түсті. Оның ішінде, облыс әкімінің блогіне –1827. Соның ішінде, жоғары тұрған органдардан: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен - 179, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен - 45, «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен - 71, Қазақстан Республикасының Парламенті және Мәжілісі депутаттарынан - 13 арыз түсті.

Қала және аудандар бойынша 2015 жылы қала әкімдігіне -11557, Құрманғазы ауданы әкімдігіне -456, Мақат -147, Махамбет – 551, Индер -1760, Исатай – 318, Жылыой – 1064, Қызылқоға – 275, облыс әкімі аппаратына -2817 арыздар келіп түсті.

2015 жылы қаралған барлығы 18945 өтініштің 2502-і оң шешіліп, 14218-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Мемлекеттік органдарға өз құзыреттері шегінде қарау үшін 1902 азаматтар өтініштері жолданды. Қаралу үстіндегі арыздар саны -323.

Өтініштерді талдау нәтижесі көрсеткендей арыздар келесідей мәселелерді: тұрғын үй бөлу -2223, коммуналдық-шаруашылық - 924, жер және жерді пайдалану - 6253, құрылыс - 93, ауыл шаруашылығы - 21, лауазымды тұлғалардың іс әрекетіне шағым – 33, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақы -1073, білім беру - 582, денсаулық сақтау – 67 және өзге де 7676 мәселелерді қамтыды.


Мақаланың шыққан күні:: 04.07.2016 12:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 18:09