Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

«№2 Атырау қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны тенгеріміндегі мемлекеттік мүлікті (сатып алу құқығысыз) жанғырту және пайдалану мақсатында сенімгерлікпен басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жекеше әріптесін анықтауға берілген конкурсты жалғастыру

Жобаның атауы: «№2 Атырау қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны тенгеріміндегі мемлекеттік мүлікті (сатып алу құқығысыз) жанғырту және пайдалану мақсатында сенімгерлікпен басқаруға беру»

Аймақ: Атырау облысы, Атырау қаласы.

Филиал: Денсаулық сақтау.

Жоспарланған жобаның құны: 157,208 млн теңге.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

Жобаның мақсаты: Атырау облысы Атырау қаласында медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметінің титімді жүйесін құру. Сонымен қатар:

1) Атырау облысындағы диагностикалау, емдеу және ауруды анықтау қызметтерінің сапасын арттыру;

2) мүліктік жағдайды жақсарту, оның ішінде медициналық жабдықтарды бір мезгіл жаңарту мен жабдықтау арқылы;

3) «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесін енгізу арқылы процестерді автоматтандыру;

4) бизнес-үдерістерді тиімді басқару;

5) инвестицияларды тарту және денсаулық сақтау секторындағы МЖӘ дамытуға жағдай жасау;

6) МСАК мамандары мен клиникалық диагностикалық қызметтер көрсету барысында медициналық мекемелерді басқарудың кәсіби деңгейін арттыру.

Жеке серіктесті анықтау тәсілі: Жоба шеңберінде жекеше әріптесті анықтау МЖӘ туралы Заңның 43-бабына сәйкес екі кезеңдік конкурстық рәсімдері пайдаланылмай жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық құжаттамаға сәйкес әзірленген конкурстық өтінімі мен біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2018 жылдың 13 қараша айында сағат 16: 30-да дейін тапсыру қажет (Атырау уақыты бойынша) , оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шаралары: инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу, сондай-ақ жекелеген көрсеткіштерге жеткен жағдайында мемлекеттік серіктес МЖӘ нысандарын басқару үшін ақы төлейді.

Жобаның басталу: 2018жыл

Жобаның аяқталу мерзімі: 2023 жыл.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

Жекеше әріптес МЖӘ объектісін сенімгерлік басқаруға ала отырып, модернизациялайды және пайдаланады, яғни:

- МЖӘ нысанының әлеуетін (учаскелерін) қолдауға ғимараттар мен құрылыстардың ағымдағы жөндеу жұмыстары, бірақ мемлекеттік серіктеспен келісілген;

- медициналық жабдық пен байланыс жабдықты жаңарту, ауыстыру, сондай-ақ МЖӘ нысандарының қосымша жабдықтарын жаңарту арқылы МЖӘ объектісін жаңғырту, бірақ мемлекеттік серіктеспен келісілген көлемде;

- ұйымның бейініне және МЖӘ келісімшартына сәйкес объектіні пайдалану;

- берiлген мүлiктi МЖӘ Келiсшартында көзделген мерзiмдерде және мөлшерде басқару.

Әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық құжаттама көшірмесін, біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесін осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін және сағат 14-30дан сағат 18-30 ға дейін (Атырау уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ. каб. 305, тел. +7 (7122) 321150, Айтеке би көшесі 77 мекенжайы бойынша конкурсты ұйымдастырушыдан алуға болады.

Байланысатын тұлға: «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бас маманы- Хайруллин Суйеу Хояшевич.

Байланыс телефон.: 8(7122) 321-179

Эл. пошта: S.Hairullin@atyrau.gov.kz E-mail: oblzdrav_atyrau@mail.ru

2018 жылғы 28 қыркүектегі «№2 Атырау қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны тенгеріміндегі мемлекеттік мүлікті (сатып алу құқығысыз) жанғырту және пайдалану мақсатында сенімгерлікпен басқаруға беру» жөнінде 2018 жылы 28 қыркүекте облыс әкімдігі сайтында жарияланған конкурс, құжаттамаға қосымшалар енгізуіне байланысты уақытша тоқтатылған.

 

 

Басқарма басшысы М.Аймурзиева


Мақаланың шыққан күні: 29.10.2018 16:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.11.2019 10:08

Қаралым саны: 1033