Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ 2020 жылы 16 маусым сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатужөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады - 2020 жылы 16 маусым сағат 09:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен), содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының электронды сандық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекен-жайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпазбен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушымен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап кемінде 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455, ТТК:171, БЕК:16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК:KZ946017111000000330, БСК:HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Жер учаскесінің мекен-жайы мен орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Сауда-саттық объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесінің  алаңы (га)

Жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер)

Бастапқы баға

 (теңге)

Жер салығының мөлшері жылына (теңге)

Кепілдік жарна мөлшері (теңге)

1

Бірлік ауылдық округі,

Бірлік ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0225

жоқ

3024

108

138900

2

Құрманғазы ауылдық округі,

Құрманғазы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,025

жоқ

5625

120

138900

3

Асан ауылдық округі,

Асан ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1

жоқ

13440

480

138900

4

Нұржау ауылдық округі,

Жамбыл ауылы

Дүкен құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,015

жоқ

2016

72

138900

5

Орлы ауылдық округі,

Орлы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,35

жоқ

47040

1680

138900

6

Орлы ауылдық округі,

Орлы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,35

жоқ

47040

1680

138900

7

Құрманғазы ауылдық округі,

Құрманғазы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,025

жоқ

5625

120

138900

8

Құрманғазы ауылдық округі,

Құрманғазы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1

жоқ

22500

480

138900

9

Құрманғазы ауылдық округі,

Құрманғазы ауылы

Жанар-жағар май станциясы, газ құю станциясы, автотұрақ (паркинг), жол қызметі объектілері құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

1,0

жоқ

225000

48000

187500

10

Сүйіндік ауылдық округі,

Сүйіндік ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,015

жоқ

2016

72

138900

11

Нұржау ауылдық округі,

Нұржау ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,15

жоқ

20160

720

138900

12

Ақкөл ауылдық округі,

Ақкөл ауылы

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,36

жоқ

48384

1728

138900

13

Еңбекші ауылдық округі,

Кадырка ауылы

Дүкен құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0225

жоқ

3024

108

138900

14

Еңбекші ауылдық округі,

Кадырка ауылы

Дүкен құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,0225

жоқ

3024

108

138900

15

Сүйіндік ауылдық округі,

Сүйіндік ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,12

жоқ

16128

576

138900

16

Теңіз ауылдық округі,

Приморье ауылы

Шағын кәсіпкерлік

 субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,15

жоқ

20160

720

138900

17

Құрманғазы ауылдық округі,

Құрманғазы ауылы

Шағын кәсіпкерлік

субъектілері үшін

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

0,1

жоқ

22500

480

138900

Ұйымдастырушы: «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Анықтама телефондары: 8 (71233) 2-14-47, 2-12-89.


Мақаланың шыққан күні: 29.05.2020 14:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2020 14:45

Қаралым саны: 751