Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жекеше әріптесін анықтауға арналған екі кезеңдік конкурс туралы хабарландыру "Атырау қаласында 40 орындық гемодиализ орталығының құрылысы мен пайдалануы"

Жобаның атауы: Атырау қаласында 40 орындық гемодиализ орталығының құрылысы мен пайдалануы

Аймақ: Атырау облысы, Атырау қаласы.

Сала: Денсаулық сақтау саласы.

Жоспарланған жобаның құны: 700 000 мың теңге.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би көшесі, 77, 3 қабат, «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.

Жобаның мақсаты: Атырау облысы халқының бүйрек ауруларын емдеу барысында қолжетімді және жетілдірілген әдістерді жоғарылату. Жоғарғы сапалы диализ қызметін ұсына отырып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту. Халықаралық стандартқа сай, дәрігердің кеңес беруінен диализ рәсіміне дейін кешенді медициналық қызмет көрсету түрлерін тиімді пайдалану.

Жеке серіктесті анықтау тәсілі: Екі кезеңдік конкурс («МЖӘ туралы» ҚР Заңының 42-бабы).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2018 жылдың 7 қазанында сағат 15: 00-ге дейін тапсыру қажет (жергілікті уақыт бойынша) , оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша басқа да шығындарды өтеу мүмкіндігі айқындалады.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері:

Жобаның жүзеге асырылу кезеңі: 2019-2040ж.ж.

МЖӘ шартының мерзімі: 21 жыл.

Нысанның құрылыс кезеңі: 2019-2020 ж.ж.

Іске қосу мерзімі: 2020 жыл.

Нысанды қолдану кезеңі: 20 жыл.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін құрылыс-монтаж жұмыстарын (объектіні құру) жүргізу;

2) «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабымен белгіленген біліктілік талаптарының сақталуы.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мына мекен-жайға жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы «Атырау

облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ. Айтеке би көшесі 77, каб. 305, тел. +7 (7122) 321150, сонымен қатар, «Атырау Innovations» ЖШС, тел. +7 (7122) 276203, email: atyrauinvest@mail.ru.

Балама ұсыныстар осы хабарламаны жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.


Мақаланың шыққан күні: 09.08.2018 00:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.08.2018 00:49

Қаралым саны: 1217