Array Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйекте №270 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшiн қажетті құжаттар тізімі: 1) Өтiнiш; 2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, құрылтай құжаттардың, бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – 2016 жылдың 1 қарашасына дейін.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы: Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13 үй мекен жайы бойынша «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі»-не ұсынылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 871(236) 2-16-92 және 7-90-12 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.


Мақаланың шыққан күні:: 03.11.2016 11:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.11.2016 11:40