Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.09.2020

Қызметтер

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының" 2018 жылғы 31 қазандағы № 235 бұйрығына, 2020 жылғы 8 маусымдағы №598 бұйрығымен өзгерістер енгізілгендігі хабарланады.

Қағидарлардағы өзгерістер:

Қызмет жеткізушіні таңдау өлшемшарттар бойынша:

Қызмет көрсету нарығында соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі (5 балдан артық емес)

Көрсетілген критерий бойынша қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тәжірибесі болған жағдайда әрбір 12 ай үшін 0,6 балл, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде әрбір 8 ай үшін 1 балл есептеледі.

Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттарды орындаудың соңғы айында орындалған жұмыстар актілерімен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарының көшірмелерімен расталады.

Бұл ретте бірнеше білім беру ұйымдарында және (немесе) қоғамдық тамақтандыру саласында бір мезгілде бір кезең ішінде қызмет көрсету кезінде деректер жинақталмайды. Қызмет көрсету туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда бір мезгілде білім беру ұйымында және қоғамдық тамақтандыру саласында бір кезең ішінде білім беру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Білім беру ұйымдарында және қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс тәжірибесін жинақтауға жол берілмейді.

Осылайша, қызмет көрсетілген жағдайда, мысалы, 2018 жылы 3 ай ішінде білім беру ұйымында, 2019 жылы – 5 ай білім беру ұйымында жоғарыда көрсетілген құжаттармен расталған кезде жұмыс тәжірибесі жинақталады және 8 ай үшін 1 балл қойылады. Бұл ретте, осы Шарт бойынша соңғы айда орындалған жұмыстар актісіне сәйкес Шартта көрсетілген басталу және аяқталу айлары ескеріледі. Мысалы, қызмет 31 наурыздан 2 желтоқсанға дейін көрсетілген жағдайда наурыздан

желтоқсан айларын қоса алғанда жұмыс тәжірибесі ескеріледі, жиыны - 10 ай (растайтын құжаттар болған жағдайда).

Бірнеше білім беру ұйымдарында және (немесе) қоғамдық тамақтандыру саласында бір мезгілде бір кезең ішінде қызмет көрсету кезінде бір кезеңнің деректері жинақталмайды. Білім беру ұйымдарында және қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс тәжірибесін жинақтауға жол берілмейді, яғни білім беру ұйымдарында 5 ай және қоғамдық тамақтандыру саласында 7 ай жұмыс тәжірибесі жинақталмайды;

-Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сапа менеджменті жүйесі сертификаттарының болуы

Осы өлшемшарттар бойынша баллдар өтінім беру кезінде сертификаттар жарамды болған жағдайда қойылады;

- Орта арнайы білімі (2007 жылғы 27 шілдеге дейін білімі туралы құжатты алған жағдайда) немесе азпаз біліктілігін бере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар аспаздың (қоғамдық тамақтандыру саласында), диетология саласында тиісті медициналық білімі және біліктілігі бар диетолог немесе диеталық бикенің, технолог біліктілігі бар (қоғамдық тамақтану саласында) арнайы орта білімі (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар өндіріс меңгерушісінің болуы

Осы критерийлер бойынша балдар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, «Білім туралы» ҚРЗ сәйкес кәсіптік білім, разряд (бар болса), сондай-ақ маманның жеке басын куәландыратын құжат, өтінім беру сәтінде қызметкерлердің әлеуетті өнім берушімен еңбек қатынастарының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде қойылады.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі («Білім туралы» ҚРЗ 32-бабы).

Қысқа мерзімді курстардан өту кәсіби дайындық болып табылады. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес («Білім туралы» ҚРЗ 32-1-бабы).

Осыған байланысты, қысқа мерзімді курстар бітіргені туралы куәлік техникалық және кәсіптік білімнің болуын растамайды.

Бір қызметкер бірнеше лауазымдарды қоса атқарған жағдайда балдар өлшемшарттардың біреуі бойынша ғана қойылады;

Конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуетті өнім берушіні тіркеудің болуы

Баллдар конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы қызметін растайтын өткен жылдың алдыңғы кезеңі үшін салық есептілігін табыс еткен кезде қойылады.

Осылайша, ағымдағы жылы конкурстар өткізілген жағдайда 2018 жылдың деректер ұсынылады.

Сондай-ақ, конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманың талаптары қызмет жеткізушіге оларды орындау үшін қызмет көрсетудің алдында және көрсету кезеңінде көзделгенін түсіндіреміз. Осылайша, тиісті құжаттамаларды (журналдар, тағамдардың технологиялық карталары, қызметкерлердің жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары, өндірістік бақылау жоспары, тауардың шығу тегі туралы сертификаттар және т.б.) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу кезеңінде ұсынбайды және осы әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі осы құжаттардың болмауы себебінен бас тартылмайды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде төлеген салықтарының көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде үш пайызды құрауы тиіс.


Мақаланың шыққан күні: 26.08.2020 16:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.08.2020 16:05

Қаралым саны: 106