Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.

Есептік кездесу 2019 жылы 20 маусымында сағ.15-00-де (Астана уақыты) келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.

Видеоконференция байланысы Атырау облысы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Атырау к., Әйтеке би көшесі, 77, Атырау облысы әкімдігінің ғимараты, 2 қабат, кіші мәжіліс залы.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: ҚР Энергетика министрлігі 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886, Атырау облысының әкімдігі 8(7122) 35 53 43

Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz.


Мақаланың шыққан күні: 07.06.2019 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2019 10:51

Қаралым саны: 812