Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

Хабарландыру

Құрметті аудан тұрғындары!

Елімізде алдын алмаса болмайтын қоғамды жегідей жеп жатқан сыбайластыққа қарсы күрес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні №61 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылқоға ауданы бойынша арнайы мониторингтік топ құру туралы» қаулысы шықты. Осы қаулымен ауданда құрамы 15 адамнан тұратын арнайы мониторингтік топ құрылды. Оның құрамында мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау, ақпарат құралдары өкілдері, жастар ұйымдары өкілдері мен ардагерлер қоғамдарының өкілдері енгізілді. Арнайы мониторингтің төрағасы еңбек ардагері Хасанов Құмар, хатшысы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы Батихова Гүлнұр Жексенбайқызы бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық түрлерінің алдын алып бірігіп күресейік. Жалпы ауылдағы жер телімдерін берудегі кезектілік, үй бөлу, балабақшаларға балаларды орналастыру, жұмыссыздық статусын беру, еңбекке орналастыру т.с.с орын алған жағдайды арнайы мониторингтік топқа хабарлауды сұраймыз.

Арнайы топтың телефон нөмерлері: 8(71238) 2-12-42, 2-21-00, ұялы телефон 8(778) 8309160.

Электрондық адресі: kizilkoga_akimat@mail.ru

Электронды мекен-жайға ақпарат берген адамдардың аты-жөні, байланыс телефондары толық көрсетілуі тиіс. Анонимді хабарлар зерттеуге жатпайды.

 

Арнайы мониторингтік топ


Мақаланың шыққан күні:: 17.05.2018 02:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.05.2018 02:43