Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Жаңа жоба түсіндірілді

Жақында «Шалқыма» мәдениет үйінде «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы брифинг өтіп, мекеме қызметкерлеріне қоғамда құқық бұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша түсіндірілді. Онда алдымен сөз алған округ әкімі аппаратының бас маманы Г.Саламатова:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменттің бастамасымен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді көп пайдаланады. Олар Facebook, Instagram, ВКонтакте және тағы басқалары. Біз де осы әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет,- деді.

Содан соң тақырыпқа орай слайд көрсетіліп, қоғамдық бақылау картасы белгілі әлеуметтік желілер және call-орталық, азаматтарға арналған Qamqor мобилді қосымшасы, өңірлерде құрылған мониторингтік топтар арқылы жүзеге асырылатындығы жөнінде таныстырылды.

Шараға соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

 

 Ойыл ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы: Г.Саламатова


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 18:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 18:13

Қаралым саны: 874