Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Техникалық реттеу және метрология саласындағы кадрларды даярлау бойынша оқыту семинары

Обучающий семинар по подготовке кадров в области технического регулирования и метрологии2018 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде техникалық реттеу және метрология саласындағы кадрларды даярлау бойынша оқыту семинары өтуде.

Семинардың ашылуында Департамент басшысы Салтанат Камешева, аталған іс-шара жыл сайын Техникалық реттеу және метрология комитеті тарапынан ұйымдастырылып, Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерінің имиджі мен кәсібилігіне оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Дәрістерді «ҚазСтИн» РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Сараптамалық кеңесінің геральдисті, сондай-ақ Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Атырау облысы бойынша басқармасының өкілдері оқиды.

Оқыту бағдарламасында:

- ЕЭО шеңберінде техникалық реттеу саласындағы жаңа заңнамалар, ЕЭК жаңа шешімдері, өкімдері;

- ҚР мемлекеттік органдарымен және ЕЭК-мен ақпараттық өзара қарым-қатынас;

- Мемлекеттік метрологиялық бақылау;

- Кеден Одағының кеден аумағында өнімдерді (тауарларды) әкелу тәртібі, Кеден Одағы аясында қойылатын міндетті талаптар туралы ережелер;

- ҚР Кәсіпкерлік кодексі аясында тексеру жүргізу тәртібі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңы;

- «Бағалы тастар мен бағалы металлдар туралы» ҚР Заңы.

Дәрістік бағдарламада Департамент мамандары өздері қойған сұрақтар бойынша лекторлардан толық жауап алуда.


Мақаланың шыққан күні: 27.09.2018 07:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2018 14:46

Қаралым саны: 863