Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары мен тәлімгерлерінің «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық слеті

«Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары мен тәлімгерлерінің «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық слеті3 маусым - Білім беру басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Атырау қаласы №2 орта мектеп базасында «Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары мен тәлімгерлерінің «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық слеті өтті.

Слет аясында қатысушы-балалар ұйымдарының көрме-презентациясы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25-жылдығына орай «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Гимнім» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері білгірлерінің облыстық конкурсы, «Әлеуметтік жобалау шеберханасы» шеберлік сағаты, «Рәміздер – мақтанышым!» флешмоб, «Рухани жаңғыру: Жас Ұландық жаңа бастамалар» ұйым 7 бағыты бойынша әлеуметтік жоба құру және қорғау ұйымдастырылып өткізілді.

Көрме-презентация бойынша барлық Слет делегаттары арнайы баннерлер, альбомдар, презентациялар, БАҚ пен интернет сайттарына жарияланған материалдарын ұсынды.

«Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Гимнім» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері білгірлерінің облыстық байқауға әр делегация мазмұны ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерінің 25-жылдығы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актіні іске асыруға және ұлттық мұралар мен мәдениетті, отансүйгіштік рухты қастерлеуге бағытталған үнқосулар, сәлемдемелер т.б түрінде командалық құрамда патриоттық қойылымдарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдергерлер марапатталып, бірқатар қатысушыларға облыстық білім беру басқармасының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары мен тәлімгерлерінің «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық слеті


Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 07:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 07:02