Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2020

Қызметтер

«Мәңгілік Ел – туған өлкем» облыстық конкурсы

«Мәңгілік Ел – туған өлкем» облыстық конкурсыОблыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – туған өлкем» облыстық конкурсы өтті.

Конкурс оқушылардың Отан тарихына деген қызығушылығы мен туған жеріне сүйіспеншілігін, танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуды көздейді.

Конкурс келесі міндеттері - ұсынылған тақырып бойынша оқушылардың білімін кеңейту, тарихи фактлермен жұмыс жасай отырып, өзінің пікірін білдіру, тарихи дерек көздерімен жұмыс жасай отырып сараптама беру, өз көзқарасын білдіру және қорғау, кіші Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Конкурс шарты бойынша қатысушылар міндетті түрде мұражайлар мен кітапханаларға барып, өлкетану бағытындағы сабақтарға қатысты: өлкенің тарихы, табиғатының ерекшелігі, экономикасы мен мәдениеті туралы толық мағлұматтар алды.

Конкурс барысында таныстыру, фотоконкурс, блиц-турнир, саяхатшы конкурсы, шығармашылық жұмыс қорғау (үй тапсырмасы) тапсырмалары орындалды.

Конкурсқа қатысушылар туған жерінің тарихы, табиғи ерекшеліктері мен мәдениеті бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түсті. Қорытындысында жеңімпаздар марапатталады.

1 орын иегерлері: Амангелді Диана – Махамбет ауданы Қосарал орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

2 орын: Аманғалиева Аружан - Индер ауданы Б.Нысанбаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Бисекен Ақтоты - Махамбет ауданы Қосарал орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

3 орын жеңімпаздары: Женисова Дильназ – Құрманғазы ауданы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің, Мақсотова Гүлдана – Атырау қаласы №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің, Кенжеғалиева Асима - Индер ауданы Балалар шығармашылығы орталығының 9 сынып оқушылары.

Бірнеше қатысушыларға белсенділік пен ізденімпаздық танытқаны үшін «Алғыс хат» табысталды: Теміржан Айбат (Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі), Қамитова Тоғжан (Жылыой ауданы №17 орта мектеп), Мақсотова Тілекші (Атырау қаласы №31 мектеп-гимназия).

Областной конкурс: «Мәңгілік Ел – туған өлкем» Областной конкурс: «Мәңгілік Ел – туған өлкем» Областной конкурс: «Мәңгілік Ел – туған өлкем»

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2018 23:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2018 23:51

Қаралым саны: 2213