Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

«Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы

«Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы4 желтоқсан - Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім беру басқармасы мен «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі - құндылық кілті» атты тақырыпта екі күндік облыстық форумы өтті.

Форум жұмысына қадірменді қонақтармен қатар, облысымыздағы орта білім беру ошақтары және кәсіптік техникалық оқу орындарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог-мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Форумды облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форумның басты спикері ретіңде елімізге белгілі ақын - ғалым, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, құрантанушы, шығыстанушы Айнұр Әбдірәсілқызы және ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Орал қаласының Құрметті Азаматы – Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясының» академигі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ақын, қаламгер – журналист, «Киелі кемешек» қоғамдық қорының төрайымы Ғалия Қайдауылқызы Аюпкеліні, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Қыз Жібек» клубының мүшесі Ахтаева Маржан Бақытқызы қатысты.

Форумның бірінші бөлімінде спикерлер қыз тәрбиесіне байланысты тұшымды ойларымен бөліссе, екінші бөлімінде мектеп, кәсіптік және техникалық оқу орындарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына арналған семинар-тренингпен жалғасын тауып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Форум барысында қыз бала тәрбиесіндегі негізгі сатылары бойынша сахналық көрсетілімдері ұсынылды.

Форумның екінші күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласында жалғасын тапты.

«Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы «Қыз тәрбиесі – құндылық кілті» атты облыстық форумы

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 00:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 00:52

Қаралым саны: 2440