Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

«Қазақстандық отбасы тәрбиесіндегі рухани жаңғыру» атты облыстық ата-аналар конференциясы

Областная родительская конференция «Модернизация общественного сознания в казахстанском семейном воспитании»Атырау облысы Білім беру басқармасының жылдық жоспарына сәйкес Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия базасында «Қазақстандық отбасы тәрбиесіндегі рухани жаңғыру» атты облыстық ата-аналар конференциясы өтті.

Конференцияда қазіргі қоғамда өзекті мәселелер – баланың тәрбиесі, қауіпсізідігі, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ата-анамен жұмыс мәселелері көтерілді. Конференция ұйымдастырушылары бұл істе – мектеп, ата-ана, жергілікті атқарушы органдар, қоғам болып бірлесіп, мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға шықырды.

Конференцияның тәжірибелік бөлімінде «Келешек» психологиялық орталығы қатысушыларға «Ұл балаларға адамгершілік-жыныстық тәрбие берудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Орталықтың психологі А.Молдабекова ата-аналарға отбасындағы қарым-қатыныс, ұл балаларды тәрбиелеуде психологиялық аспектілер, қолдау көрсету, түзету, ата-ананың өз-өзіне баға беру, сенімін арттыру сияқты ұғымдар бойынша көп ақпарат берді.

Конференцияның негізгі – пленарлық бөлімін модератор ретінде облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова жүргізіді.

Шараға спикер ретінде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік универститетінің профессоры Бақтыбек Таубаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Жәнібек Қаражанов, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің ақсақалы Сейтамин Акаев қатысты.

Сонымен қатар, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, ата-аналар қауымдастығы, конференцияға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі хатшылығы, білім саласының ардагерлері – Нұрзила Сарсенова, Серік Сапанов, білім беру бөлімдері мен оқу орындарының басшылары, сынып жетекшілері қатысты.

Шара барысында білім саласында өткізілген шаралар қорытындыланып, жүргізілген жұмыстар туралы бейнематериалдар көрсетілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында оқушыларға рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, қоғамдық ұйымдардың белсенді жұмысын жандандыру мақсатында өткізілген жалпы білім беретін мектептер арасындағы «Ең әсем безендірілген мектеп» облыстық байқауға оқу орындары жақсы қатысты.

Байқауға бірнеше тақырыптар бағытында жасақталған мектепішілік безендірулер, бұрыштар, залдар, мұражайлар ұсынылу талап етілді, соның ішінде, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің бұрышы, «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» бұрышы, патриоттық бұрыш, «Даңқ» залы, экологиялық бұрыш, отбасы бұрышы. Сондай-ақ, соңғы екі жылда тәрбие бағдарламасына сәйкес «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының бұрыштары жасақталды. Қараша айының аяғында байқау қорытындыланды. Конференция қатысушыларына «Үлгілі безендірілген мектеп» атағын жеңіп алған, облыстық ұлттық гимназияның жұмысы ұсынылды.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Бұл бағытта «Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары» тақырыбындағы баяндамамен Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Әсемгүл Абрахманова сөз алса, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Атырау облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобының қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасының аға инспекторы Орынгүл Кушкалиева «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.

Облыстық мектептеріндегі ата-аналар қоғамдық кеңесі, Әкелер мектебі, Аналар мектептерінің ролі артуда. Осы бағыттағы жақсы жұмыстардың бірі – өткен жылы Индер ауданында, биылғы жылы - Мақат, Құрманғазы аудандарында Әкелер мектебінің қызметін айтып өтуге болады.

Әкелер мектептері қызметінің басты ерекшелігі - әкелердің бастамасы. Осындай бастама Мақат ауданының Әкелер мектебі көтеріп, ақпан айында жоғары деңгейде слет өткізді. Осындай бастама Құрманғазы ауданының әкелері - жаз мезгілінде шабақ қорғау үйірмесін үлгі ретінде жүргізді. Балалардың бос уақытын тиімді қамту, экологиялық тәрбие беру мақсатында Атырау қаласы мен 6 аудан бойынша 14 мектеп жанынан «Жас шабақ құтқарушылар» топтарының қызметі ұйымдастырылды. Жазда суы тартылып, бөлініп қалған көлшелердегі шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Әкелер ұлдармен бірлесіп, шамамен 7-8 мыңға жуық шабақ құтқарды. Құрманғазы ауданының Әкелер мектептері жұмысының бейнетүсірілімі көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан өткізілген Республикалық Әкелер слетіне біздің облыстан 7 әке қатысты.

Осы мәселе бойынша Құрманғазы аудандық Әкелер мектебінің мүшесі, Республикалық әкелер слетіне қатысушы Құрманғазы аудандық Әкелер мектебінің мүшесі Болат Бидуллаев жақсы пікірін жеткізді.

Конференцияның соңы оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылығынан концертімен ұласып, шара аясында өткізілген мектептер, оқушылар, ата-аналар арасындағы байқаулардың жеңімпаздары марапаттауларға ие болды.

1. Жылыой ауданы - «Ұлттық құндылықтар – отбасының рухани-адамгершілік негізі» тақырыбындағы әдістемелік жұмыстардың облыстық байқауының «Үздік семинар» номинациясында жүлделі І-орынды иегері.

2. Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің «Отбасымызбен бірге оқимыз» іс-шарасы - «Ұлттық құндылықтар – отбасының рухани-адамгершілік негізі» тақырыбындағы әдістемелік жұмыстардың облыстық байқауының аясында өткен «Үздік шара» номинациясында жүлделі І-орынды иегері.

3. Махамбет ауданының «Отбасы бұрыштары» топтамасы - «Ұлттық құндылықтар - отбасының рухани-адамгершілік негізі» тақырыбындағы әдістемелік жұмыстардың семинар аясында өткен «Үздік Отбасы бұрышы» номинациясында жүлделі І-орынды иегері.

4. Мақат ауданының Әкелер мектебінің төрағасы Нурманов Әділбек Есенгелдіұлы, Құрманғазы аудандық Әкелер мектебінің мүшесі Бимурзаев Қайыржан Түйнешұлы - Әкелер мектептерінің білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарын жандандыру, ұлтжанды азамат тәрбиесіндегі маңызын насихаттау бағытында бастама көтергені үшін.

5. Дарынды балаларға арналған Атырау облыстық ұлттық гимназия - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Руханият бастауы – көркем-эстетикалық тәрбие» тақырыбындағы жобасы «Ең әсем безендірілген мектеп» байқауының жеңімпазы.

6. Атырау қалалық №19 орта мектебі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Руханият бастауы – көркем-эстетикалық тәрбие» тақырыбындағы жобасы - «Ең әсем безендірілген мектеп» байқауының «Үздік бұрыш» номинациясының жеңімпазы.

Областная родительская конференция «Модернизация общественного сознания в казахстанском семейном воспитании» Областная родительская конференция «Модернизация общественного сознания в казахстанском семейном воспитании» Областная родительская конференция «Модернизация общественного сознания в казахстанском семейном воспитании»

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 07:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 07:40

Қаралым саны: 2165