Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

«Басты мақсат – Ұлы даланың өнегелі ұрпағын тәрбиелеу» атты облыстық ата-аналар конференциясы

Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи»Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының базасында «Басты мақсат – Ұлы даланың өнегелі ұрпағын тәрбиелеу» атты облыстық ата-аналар конференциясы өтті.

Конференция барысында отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, балалар мен жастардың құқықтық мәдениеті, құқықтық санасы және олардың бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру мәселелер қаралды.

Конференция жұмысына облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық прокуратура, ішкі істер департаментінің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық ата-аналар қоғамдық кеңестерінің төрағалары, мүшелері, білім беру бөлімдері мен оқу орындарының басшылары, психологтар, сынып жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда талқыланған маңызды мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы және олардың қадағалаусыз және панасыз қалуы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі туралы Х.Досмухамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, заң ғылымының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Шаяхметова Жанна Бекполқызы өз баяндамасында кеңінен ақпарат берді.

Отбасы психологиясы мәселесі бойынша Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің психологі Тукенова Шынар Қадимқызы өз пікірімен бөлісті.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тәрбие жұмысы саласында серпіліс тудыра отырып, жаңа міндеттер жүктеді.

Білім беру саласының ардагер ұстазы, «Елсана» руханият клубының мүшесі, қазақ ауыз әдебиетінің жаухарлары - «Алпамыс батыр» жыры, «Махамбет оқулары» облыстық байқауларының бастамашысы Сапанов Серік Жұбанұлы өз сөздерін баланың физикалық және интеллектуалдық аспектілерін дамытып қоймай, ұлттық кодты сақтай отырып, адами асыл қасиеттерді бойына сіңірген рухани бай тұлға тәрбиелеп шығару екендігіне жиналғандардың назарын аударды.

Облысымызда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың бірі - «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қаламызда құрылған «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсету орталығы қызметімен мекеме директоры Оңғарбек Айдана Есетқызы таныстырды.

Сонымен қатар облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен бекітілген облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды.

Өңірімізде бала тәрбиесінде әкелер ролін арттыру, отбасы құндылықтарын ұлылығылау мақсатында жұмыс жасайтын Әкелер мектебінің ролі туралы Республикалық әкелер слетіне қатысушы, Жылыой аудандық Әкелер мектебінің мүшесі Адилов Мақсот Айнашұлы әңгімеледі.

Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Конференцияның екінші бөлімінде құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында «Ата-аналар, біліп жүріңіз!» тақырыбында облыстық бейнероликтер байқауы қорытындыланып, жеңімпазы болып Махамбет ауданы Алмалы орта мектебі танылды.

Байқау жүлдегерін басқарма басшысының орынбасары Қабдолова Роза Миллятқызы марапаттады.

Қыркүйек-қазан айларында ата-аналардың республикалық конференциясы өткізіліп, Атырау облысы - республикада конференция жұмысына белсенді қатысқан үздік 5 облыстың қатарынан табылды.

Осыған орай «Отбасылық тәрбиелеу институты» жауапкершілігі шектеулі институты тарапынан бірқатар педагог қызметкерлерге Алғыс хат табысталды.

2018 жылы «Ұлтыңды ойласаң – рухты ұл тәрбиеле» жобасы аясында ұлдар тәрбиесі бағытындағы жұмыстарға басымдылық берілді.

Аталмыш жоба аясында әдістемелік жұмыстардың байқауы өткізіліп үздіктер анықталды:

- «Үздік шара» номинациясы бойынша:

- Махамбет ауданы Береке орта мектебінің «Ұл бала – ертеңгі шаңырақ иесі» шарасы;

- Исатай ауданы Абай атындағы орта мектеп - «Отбасы әлемінің әміршісі – әке» шарасы;

- Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп - «Қазіргі заманда әкенің отбасындағы рөлі» коучингі;

- Жылыой ауданы №22 орта мектеп - «Ұлды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» шарасы;

- Құрманғазы ауданы Ю.Гагарин орта мектебі - «Әкелік асыл сөзіңнен жолымды тауып келемін» шарасы;

- Қызылқоға ауданы Жаңашаруа орта мектебі - «Ел бірлігі – елдікке сын» шарасы.

«Үздік семинар» номинациясы бойынша Махамбет аудандық білім бөлімінің семинары үздік деп танылды.

2018 жылдың қорытындысымен қоғамдық өмірде белсенділік танытқан, бала тәрбиелеу ісінде өз бастамаларын көтеріп жүрген бірқатар әкелерге Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хаты табысталды.

Конференцияға қатысушылар Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінің термешілер тобы халық әндерінің топтамасын ұсынды.

Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи» Областная родительская конференция «Главная цель – воспитание нравственного поколения Великой степи»

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2018 10:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2018 10:33

Қаралым саны: 962