Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлықпен күресу ортақ міндет

Парақорлық –қоғам дерті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері парақорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы көкейтесті мәселелерді шешу барысында заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп те өзгертулер енгізіліп те келеді. Дегенмен, «бармақ басты көз қыстылардың» әрекеті мен «пара алушылардың» саны әлі де болсын азаймай тұр. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Себебі, кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда аудан көлемінде сыбайластыққа қарсы жыл сайын шаралар мен жиындар өткізіліп келеді. Солардың қатарында аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында мектеп оқушылары мен заңды тұлғалардың қатынасуымен өткізілген дөңгелек үстел жасөспірімдерді адал қызмет етуге шақырса, «Арман» мәдениет үйінде өткен «Біз сыбайлас- жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы аудандық жайдарман ойындарының мақсаты да жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, жемқорлықтың жолын кесу болатын. Ал мекемеаралық спартакиада ойындарының осы мақсатта дәстүрлі түрде өткізілуі түрлі салада қызмет етіп жүрген мамандардың басын қосып, оларды ұлтшылшыққа, отанға адал қызмет атқаруға үндейді.

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Себебі, халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.


Мақаланың шыққан күні: 26.03.2020 12:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2020 12:30

Қаралым саны: 241