Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы:
Мемлекеттік тілді басым дамыта отырып, өңірде мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.
14. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7, 93-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 25-1, 25-2-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес:
1) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметінің негізгі міндеті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және өзге де тілдердің қызмет аясы мен оларды дамыту саласын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру болып табылады;
2) Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасының орындалуына бақылау жүргізу;
3) мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейтудің, сондай-ақ Атырау облысында тұратын халықтар тілдерінің дамуының өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
4) тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша, сондай-ақ Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) облыстағы ономастикалық жұмыстың жағдайына мониторинг жүргізу, облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
6) өңірдегі тіл саясатының жай-күйі мониторингін жүргізу, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультативтік-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық-талдамалық материалдарын әзірлеу және оларды тәжірибеде іске асырудың шараларын алу.
15. Функциялары:
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 25-1, 25-2-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына сәйкес:
1) тіл мәселелері жөнінде өңірдің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, олардың қызметіне көмектесу;
2) мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу мәселесіне қатысты бөлігінде Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда тәжірибелік көмек көрсету;
3) мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесін талдап, қорыту, мемлекеттік билік органдарына оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
4) басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен тілдерді дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени-танымдық, қоғамдық маңызды шараларды дайындау мен жүргізу ісінде өзара іс-қимыл жасау;
5) қызметте жариялылықты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының тіл саясаты саласындағы заңдарының орындалуы жөніндегі істің жайы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын үнемі хабардар етіп тұру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 24, 25-1-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына сәйкес:
1) жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұрату;
2) облыстық әкімдікке, жергілікті атқарушы органдарға Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
3) Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамасын орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарында және аудандық атқарушы органдарында орындалуына бақылау жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңдарымен белгіленген талаптардың бұзылуын жою жөнінде ұсыныстар беруге, тиісті органдарға Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға әкімшілік шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізуге;
5) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызды шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында басшылықты Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма бастығы жүзеге асырады.
18. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының өкілеттілігі:
1) жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады;
2) өзінің орынбасарының, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарын, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының келісім-шарттарына, актілеріне қол қояды;
6) облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының штат саны лимиті шегінде оның штаттық кестесін, тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мүдделерін білдіреді;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
9) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
10) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
11) өз құзыреті шегінде Атырау облысы Тілдерді дамыту жөнідегі басқармасында гендерлік саясаттың жүргізілуіне ықпал етеді.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:34