Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат:
1. Мекен-жайы: Атырау обл, Атырау қ, Әйтеке-би көшесі, 77 үй, 1-қабат, 102 кабинет.
2. Электронды пошта адресі: Dvpatr@mail.ru
3. Анықтамалық қызмет телефондары: 35-40-88;

 

 

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлер мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы азаматтық - құқықтық қатыныстарға өз атынан түседі.

5. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының орналасқан жері: 060010 Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77үй.

9. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ толық атауы- «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

13. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы миссиясы-өңірдегі халық бірлігін және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдауға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

14. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының міндеттері:

1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құзырына жататын мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) өңірде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

15. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының функциялары:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім,

денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық талдамалық және ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) өңірдегі қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашылық қауымдастықпен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің/әкімдігінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9) өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау, өңірлік және шетелдік БАҚ-ты есепке алу;

9-1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк бақылауды тексеру нысанында жүргізу;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;

14) Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. Негізгі міндеттері мен өзінің функцияларын жүзеге асыруда Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;

3) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;

3-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының бұзылғандығын анықтаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға;

4) өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

5) мирастық құқығы бойынша бағынысты мекемелер құру, оларға ие болу және олардың қызметтерін үйлестіруге;

6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге құқығы бар.

3. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызметін ұйымдастыру

17. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшылықты, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасалары болады.

20. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызметкерлерін ынталандырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданады;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзге де ұйымдарында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы білдіреді;

8) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативті құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;

9) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;

11) Белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

12) Заңдылықтың, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды алады және дербес жауапты болады.

22.Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы

1)Басқарма басшысы

2)Басқарма басшының орынбасарлары

3)Әкімшілік бөлімі

4)Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

5)Қоғамдық-саяси,талдау және мониторинг бөлімі

4. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мүлкі

23. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы тиiстi саладағы мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекітеді.

27.Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды.

28. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкiнiң сақталуын және коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылау жүргізеді.

29. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы акциялардың мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқықтары өзiне берiлген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тиiстi директорлар кеңесiнiң (байқау кеңесiнiң) құрамына өз өкiлiн тағайындайды.

30. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкiлiн мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң немесе мемлекет қатысатын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiнiң құрамына енгiзу үшiн қажеттi шараларды қамтамасыз етедi немесе қабылдайды.

31.Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасының «Мүлік туралы» Заңында өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

5. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қайта ұйымдастыру және тарату

32. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қайта ұйымдастыру және

тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Атырау –Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік қәсіпорыны;

2. «Атырау –Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Мақаланың шыққан күні:: 11.01.2016 09:30
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 12:54