Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

Жалпы ақпарат

 

Атырау облысы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Облыста спорт инфрақұрылымын дамытуы жалғасуда. 2016 жылмен салыстырғанда облыста спорттық қондырғылар саны 35-ке көбейіп, 1019-і құрады.

Облыста дене шынықтыру мамандарының саны артып, дене шынықтыру ұжымдарының саны көбеюде. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 400 жаттықтырушы жүзеге асырады. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 44-ке артып отыр. Олардың 297-сі жоғары білімді. Жоғарғы дене шынықтыру білімі бар мамандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 41-ге көбейіп отыр.

Облыстағы спорттық-материалдық базаның нығаюы облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Облыс бойынша дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 27,5 пайызын, яғни 169730 адамды құрады. Спорттық мекемелерде балалардың қамтылуы-14,2 пайызды құрайды немесе 16460 бала (барлығы мектеп жасында облыс бойынша – 116095 бала)

Облыстағы 13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Оның ішінде 4-еуі қалада, 9-ы ауылда. Биылғы жылы Жылыой ауданының Қара Арна мен Ақкізтоғай ауылдық округінде 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

Былтыр спорттың 22 түрі дамытылса биылғы жылы велоспорт және жеңіл атлетика бөлімшелері ашылып, жалпы спорттың 24 түрі дамытылуда. Спорт мектептерінде спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғымен салыстырғанда 1334-ке көбейіп, 11016 жастар мен жасөспірімдер жүйелі түрде спортпен тегін шұғылдануда.

Спортта жоғары жетістікке қол жеткізіп жүрген 108 спортшы Жоғары спорттық шеберлік мектебінде 8 спорт түрінен және болашағынан үміт күттіретін 96 спортшы Олимпиадалық резервті даярлау Орталығында бөлек бапталуда.

Спорт мектептерінде жаттықтырушылар саны 324-ті құрап, былтырғымен салыстырғанда 38-ге көбейіп отыр.

Облыста білім беру бөлімдері жанынан ашылған 5 балалар – жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары қызмет етіп, оларда жаттығушылар саны 2800-ді құрайды.

Облыс көлемінде 8 кәсіби спорттық клубтар жұмыс жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыруға тарту мақсатында жергілікті әкімдік тарапынан барлық жағдай жасалған. Облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша оң өзгерістер байқалуда. Бұл санаттағы жандар арасында 560 адам спортпен шұғылдануда.

Мүгідектер спорт клубына 1 спорттық кешен толығымен беріліп, мүгідек-спортшылардың оқу-жаттығу процестеріне тікелей үйлерінен тасымалдау үшін 4 автокөлік бөлінген.Спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған, есту қабілеті төмен, зағип барлық санаттағы 274-тен астам мүгідек спортшылар спорттың 17 түрімен тегін шұғылдануда.

Облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша оң өзгерістер байқалуда. Бұл санаттағы жандар арасында 528 адам спортпен шұғылдануда. Олардың ішінде 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленген, 12 спортшы ұлттық паралимпиялық құрама командасына енген, 6 –уы спорт шебері, 12-і спорт шеберіне үміткер.

Облыста спорттың 21 олимпиадалық және 26 олимпиадалық емес түрін, 1 техникалық спорт түрін, 11 ұлттық спорт түрін, жалпы 59 түрін және мүгедектер спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы спорттық мекемелер мен ұйымдарда секциялар саны 611-ге көбейіп, 6759 спорттық секция жұмыс жасайды.

Облыс спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарына түрлі спорт түрлерінен жасөспірімдер құрама командасына - 33, жастар құрамасына - 28, негізгі құрама командаға – 60, барлығы Атырау облысының 121 спортшысы еніп отыр.

-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 10;

-Қазақстан Республикасының спорт шебері – 25;

-Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер – 145.

2017 жылы «Спорт – денсаулық кепілі» девизімен спорттық жарыстар, денсаулық фестивалі, облыстық мектеп лигасы, салалық қызметкерлер арасындағы, сонымен қатар кәсіби мерекелерге арналған спорттық-бұқаралық шаралар және т.б. 175000 адамды қамтыған 880 спорттық – бұқаралық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

 

 


 

 

«Атырау облысы Дене шынықтыру

және спорт басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы ережені бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И.Нәутиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                                                    Н.Ноғаев

 

 

 


 

 

Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «03» мамыр

№85 қаулысына

қосымша

 

2017 жылғы «03»мамырдағы №85

Атырау облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

 

 

«Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Атырау облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орган болып табылады.

2. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволары жоқ.

3. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына   заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 «а».

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

12. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен  жүзеге асырылады.

13. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен  Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы болып халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, жоғарғы білікті спортшыларды және облыстың спортшылар резервін дайындау табылады.

15. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының   міндеті болып облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту табылады.

16. Функциялары:

1) жекелеген тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалыс орындарында спортпен шұғылдануына арналған инфрақұрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, ардагер-спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзу;

3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың халықаралық және республикалық спорттық жарыстарда ойын көрсетуiн қамтамасыз ету;

4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;     

6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

8) мынадай:бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

11) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізеді;

13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

16) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ұсыныс береді;

18) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұсыныс береді;   

19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мынадай құқықтары бар:     

1) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан, азаматтар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

2) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру қызметін және материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы:

1) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға;

2) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарауға міндетті;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

 

  1. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін ұйымдастыру

 18. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығын, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

19. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.     

20. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының өкілеттіктері:                                                                                                          

1) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;                                                                                                      

2) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;                                                                            

3) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерін және басқарманың ведомстволық бағынысындағы заңды тұлғалардың басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады; 

4) заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

5) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лаузымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан өкілдік етеді;

8) Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

9) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылайды; 

10)  Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік қбалардың, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының   басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес басшының міндетін атқарушы жүзеге асырады.

                     

  1. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мүлкі

21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлiктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бекiтiлiп берiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.    

23. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өзіне бекiтiлген мүлiкті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ, егер өзгесі заңнамамен белгіленбесе.

 

5. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

24. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасын қайта ұйымдастыру және  тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 14:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.03.2018 15:29