Array Жалпы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

«Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» мемлекеттік мекеме туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомастволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілері мен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы:
Атырау облысы бойынша қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін ұстау және сапасын тұрақтандыру.
15. Міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;
3) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
4) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
5) Атырау облысы шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеу барысында келісімшарттық міндеттемелерді сақтау;
6) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға түсетін эмиссияларға рұқсаттар беру.
16. Функциялары:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына беру;
3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуді тіркеуді жүзеге асыру;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тарту;
5) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
6) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөнінде жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
7) өртке қарсы насихаты ұйымдастыру, орманды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы туралы мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялап отыру;
8) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
10) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеуді ұйымдастыру;
11) бассейндік кеңестер жұмысы мен бассейндік келісімге қатысу;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;
13) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
14) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
15) II, III және IV санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
16) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға түсетін эмиссияларға рұқсаттар беру;
17) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру;
18) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісу;
19) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болғанда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймаққа бөлуді түзету жобаларын келісу;
20) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
21) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;
22) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
23) жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастыру және жүргізу;
24) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда; аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;
25) мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
26) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келісу;
27) коммуналдық қалдықтармен жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
28) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
29) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және облыс әкімдігі жүктеген өзге де жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жүргізу кезінде экологиялық талаптар бұзылатын жұмыстарды белгіленген тәртіппен тоқтата тұру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) облыс әкімдігіне ұйымдық-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік органдардан, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардан қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді;
4) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар жасасуға;
5) облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі атынан өкілдік етуге;
6) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
7) облыс басшылығына уақтылы ақпарат беруге міндетті;
8) қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да құқықтар мен міндеттер.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржылық құжаттарға қол қояды;
5) бөлімдердің ережелерін бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманың атынан өкілдік етеді;
7) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басқарманың бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгедей көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарауындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі

1. «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 17:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 17:46