Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Құрманғазы  аудандық  мәслихаты туралы 

 

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда «Жергілікті билік және атқарушы органдар туралы» Заң қабылданып, жергілікті өкілді орган – мәслихат-депутаттар жиналысы құрылымы енгізілді. Өкілді орган (мәслихат-депутаттар жиналысы) – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Конституциясын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы, өзіне тиісті құқықтар жүктелген орган болып табылады.

Құрманғазы аудандық мәслихаты -депутаттар жиналысы 1994 жылдың 23 наурызында жұмысын бастады, оның құрамына 18 депутат сайланды. Алғашқы мәслихат хатшысы болып Сұлтанияев Рифхат Мұғалімұлы, құрылымның тұрақты комиссияларының төрағалары болып депутаттар Х.Биляшев, З.Дүйсекенова, Ж.Ғұмаров сайланды.

1999 жылдың 19 қарашасында өкілді орган – Құрманғазы аудандық мәслихаты құрылып, ІІ шақырылымда 14 депутат сайланды. Бұл шақырылымда мәслихат хатшысы болып Кенжебаев Біржан Ахонұлы сайланды. Екінші шақырылымның соңғы жылдарында депутаттар корпусын Жасталап Хажитов басқарды.

Үшінші шақырылған мәслихат 2003-2007жылдарда жұмыс жасады. Мәслихат хатшысы болып Жасталап Хажитов сайланып, одан кейін Сұлтанияев Рифхат хатшылық қызметті атқарды. Бұл кезеңде аудандық мәслихат бойынша 379 шешім қабылданса, 13 депутаттық сауалдар бойынша шешім қабылданып, жүзеге асырылды.

2007-2012 жылдар аралығында төртінші шақырылған аудандық мәслихатқа 14 депутат сайланды. Осы шақырылымда аудандық мәслихат сессияларында 460 шешім, 15 депутаттық сауалдар бойынша шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды. Мәслихат хатшысы Сұлтанияев Рифхат Мұғалімұлы болды.

Мәслихаттың І, ІІ, ІІІ, ІV шақырылымдарында тексеру комиссиясының төрағалары болып депутаттар Балтабай Мұхамбетжанов (мархом), Шапхат Мұфтахов, Орынбек Хамитов (мархом), Сатқан Қалиев және Бауыржан Қадыров сайланды.

  2012-2016 жылдарда жұмыс жасаған бесінші шақырылған аудандық мәслихат құрамында 14 депутат болды, олар 2 тұрақты комиссияда жұмыс жасады. Мәслихат хатшысы Сұлтанияев Р., ал тұрақты комиссияларды депутаттар Жәлелов Шайхатолла, Жүгінісов Болат басқарды.

2016 жылдың 1 сәуірінде VI шақырылған аудандық мәслихат өз жұмысын бастады. Мәслихат хатшысы болып Жүгінісов Болат Теміржанұлы сайланды. Мәслихат құрамында 2 тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға депутат Р.Сұлтанияев, әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға депутат М.Қуаншалиев жетекшілік жасайды.

Мәслихат аппараты депутаттар жұмысын ұйымдастыру мақсатында қызмет етеді. Аппарат басшылары болып Руза Серікбаева, Орақбай Мұратов, Ғалымжан Мырзағалиев (мархом) жасады. Қазіргі уақытта аппарат басшысы лауазымында Карина Ғайни Көбенқызы қызмет жасап келеді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.11.2017 11:39