Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты қала халқының еркін білдіретін жергілікті мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік мүдделерді, оларды іске асыру және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау үшін қажетті шараларды айқындауды ескере отырып, жүзеге асыратын өкілді орган болып табылды.

Атырау қалалық Мәслихаты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 9 бабын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 шешімімен бекітілген Атырау қалалық Мәслихаттың Регламенті негізінде жұмыс жасайды.

 

Атырау қалалық мәслихатында 19 депутат өз қызметін жүзеге асыруда. Депутаттардың 19-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Оның ішінде:

Сапалық құрамы:

-Ер адам – 15,

-әйел адам – 4.

 

Ұлттық құрамы:

-қазақ–17,

- өзге ұлттар -2.

 

Жас ерекшеліктері бойынша:

- 25-45 жастар аралығындағы – 11 адам,

- 45-60 аралығындағы – 7 адам,

- 60 жастан жоғары – 1 адам.

Білім сапасы бойынша: 19 депутат – жоғары білімді.

Мамандығы бойынша: инженерлер – 6, экономистер – 3, педагогтар – 1, заңгерлер – 4, дәрігерлер – 2, басқа мамандық иелері – 3.

 

Қалалық мәслихатты үш тұрақты комиссиялары жұмыс жасайды:

  • Атырау қалалық мәслихатының «Экономика, бюджет, қаржы және өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы;

  • Атырау қалалық мәслихатының «Экология, ауылшаруашылықты дамыту және энергетика, тұрғын үй, автокөлік жолдары» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы;

  • Атырау қалалық мәслихатының «Әлеуметтік сала мәселелері, гендірлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы.

 

Мәслихаттың тұрақты комиссияларына өзінің құзіреті шегінде мәслихат шешімдерінің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың іске асырылуына бақылау жасау мен іс-шараларды ұйымдастыру жүктелген. Атырау қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн Атырау қалалық мәслихатының аппараты қамтамасыз етеді.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.09.2016 18:23