Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасы туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 1. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салу және жаңғырту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекетттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

9. Мемлекеттік органның атауы:

«Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына кәсіпкерлік субъектілермен Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының миссиясы: облыстың энергетика, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салу және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

14. Міндеттері:

1) облыста энергетика және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салу саласындағы іс-шараларды, аумақтар мен елді мекендерді кешенді әлеуметтік–экономикалық дамытудың ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған тұрғын үй–коммуналдық саясатты жүргізу, тіршілік ету ортасын жетілдіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық кешені кәсіпорындарымен жұмыс жасау, олардың қызметінің тиімділігін арттыру;

2) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгілінген тәртіпте бекітілген құрылыс және өзге де жобалау құжаттамасының сақталуын қамтамасыз ету;

3) титулдық тізімдерді жасақтау, энергетика және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салуға және коммуналдық меншік объектілерін жөндеуге бағытталған мемлекет қаражатын бөлуге қатысу;

4) ведомстволық бағыныстағы аумақта жобалардың мемлекеттік сараптамасының, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар

обьектілерінің құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік мүдделерді қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

5) облыс әкімдігінің атынан тапсырыс берушінің мемлекеттік бюджет, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен қаржыландырылатын энергетика және инженерлік инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын салу және жаңғырту жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

6) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар мен құрылыс, тұрғын үй ұйымдарының энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар обьектілерінің құрылысы саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;

7) жылумен қамту, сумен қамту, су тарту және кәріз, электрмен қамту жүйелерінің жұмысын дамыту мен сенімділігін арттыру, облыстың энергетикалық секторын кешенді дамыту стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа кіретін ұйымдардың (кәсіпорындардың) қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

9) жергілікті атқарушы орган берген өкілеттіктерге сәйкес энергетика кешені кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

10) оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

15. Функциялары:

1) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің жобалау жұмыстары мен қызметтері нарығының сұранысы мен ұсыныстарын, конъюктурасының жай-күйін, даму беталыстары мен перспективаларын зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын жобалау және жаңғырту, коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі жөндеу мәселелерін реттейтін нормалар мен ережелерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) өз құзыреті шегінде ортақтандырылған көздерден қаржыландырылатын энергетика және инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалауға, құрылысын салуға және жаңғыртуға арналған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үдерісіне қатысу;

4) өзі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын Атырау облысы бойынша құрылысын салуға және жөндеуге жататын энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамаларын қарау және келісу;

5) тиісті органдармен бірлесіп, инженерлік - құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын, сонымен қатар, облыс аумағында салынып жатқан энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар объектілері құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;

6) тапсырысшылардың, мердігер ұйымдардың және басқа да энергетика, тұрғын үй-коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу үдерісіне басқа да қатысушылардың арасындағы келіспеушіліктерді шешуге қатысу;

7) жергілікті бюджет, республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттік, нысаналы трансферттер, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен қаржыландырылатын басым инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

8) жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, коммуналдық шаруашылық саласында облыстың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын және мемлекеттік саясатты іске асыру,;

9) жыл сайынғы жылу беру маусымына арналған облыстың мемлекеттік мекемелеріне қажетті отынның нақты көлемдерін анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру;

10) облыстың мемлекеттік мекемелеріне отын жеткізуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

11) салынған, қайта жаңғыртылған инженерлік коммуникациялық желілерді, энергетика, су және газ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;

12) қолданыстағы тұрғын үй қорын пайдалану және ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

13) тұрғын үй шаруашылығы саласында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

14) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, иесіз тұрғын үйлерді анықтау, есепке алу және тиісті органдарға беру;

15) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;

16) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінің тізбесін және жүргізу кезектілігін анықтау және кондоминиум объектілерін жөндеу бойынша тексеру жүргізу;

17) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасына келісу;

18) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын, бас құрылыстарын дамытуға қатысу, энергетика кешені кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу және жүйелі ақпарат жинауды жүзеге асыру;

19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау, облыстың энергетика саласын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;

20) тұрғындар мен кәсіпорындардың коммуналдық қызметтерге қажеттіліктерін болжамдық бағалау негізінде оның орнықты жұмыс жасауы есебімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың даму стратегиясы мен тұжырымдамасын әзірлеу;

21) мемлекеттік және жеке меншікке негізделген коммуналдық шаруашылық объектілерін ұстау және жөндеудің ұйымдық нысандарын енгізу жөніндегі тәжірибені жинақтап қорыту және ұсынымдар әзірлеу;

22) коммуналдық меншік объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету, елді мекендердің тұрғын үйлерін абаттандыру, санитарлық жан-күйін жақсарту деңгейін одан әрі арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

23) стратегиялық жоспарды, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, келешекке арналған энергетика кешені кәсіпорындары дамуының индикативтік болжамын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, олардың орындалуын талдау және проблемалық мәселелерді шешу жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;

24) мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіру, энергетика кешеніндегі реформа барысын бағалау және облыс басшылығына баяндау үшін талдамалық материал дайындау;

25) Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ведомствалық бағыныстағы кәсіпорындар мен бөлімдердің, азаматтардың арыздары мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

26) ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

27) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

28) ауыз сумен қамтудың баламасыз көздері болып табылатын сумен қамтудың айрықша маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

29) инновациялық технологиялар мен үнемдеуді енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

30) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

31) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

32) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;

33) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

34) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

35) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;

36) 110кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

37) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 Мегапаскальдан жоғары және судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдалануын бақылау;

38) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

39) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

40) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында индустриалды және жетіспейтін инфрақұрылым құрылысы кезінде тапсырыс берушінің міндеттерін жүзеге асыру;

41) құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүддені қорғау мәселелері жөнінде жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық аумақтық бөлімшелерімен, жобалардың жеке сараптамаларымен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органымен өзара іс-қимыл жасау;

42) жер заңнамасына сәйкес аудандардың (қаланың) жергілікті атқарушы органдарында нысандар құрылысына арналған жер учаскесін беру туралы шешімдерді алу;

43) инженерлік және коммуналдық қамту көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды жинау;

44) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес конкурс негізінде жеткізіп берушіні тарту арқылы (құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде) жеткіліксіз инфрақұрылымдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу барысы мен сапасын техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;

45) отандық жобалау және құрылыс өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдалану тиімділігін ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;

46) салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн жасақтау;

47) Басқарма қызметкерлерінің қызметінде тиісті кәсіби деңгейді, олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

48) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған облыс әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің басшыларынан және жеке тұлғалардан олардың Қазақстан Республикасындағы инженерлік желілердің құрылысы қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауы туралы мәліметтерді сұрауға және алуға;

2) заңды тұлғалармен шарттар жасасуға, коммуналдық меншік объектілерінің құрылысын салу, оларды жаңғырту кезінде өзара міндеттемелердің шарттары мен сипатын айқындауға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

3) энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылыс бағдарламаларын іске асыру бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысуға;

4) тиісті кәсіпорындар мен ұйымдардан, қала және аудандар әкімдері аппараттарынан ақпарат сұратуға;

5) қаржыландыру көзіне қарамастан, Басқарма құрылыс тапсырысшысы болатын қоммуналдық меншік объектілерінің құрылысын салуда, инженерлік

іздестірулер жүргізуде нормативтік талаптардың сақталуына тексерулер жүргізуге;

6) қажет болған жағдайларда өндірістің басқа салаларының, ғылыми – зерттеу және жобалау-құрылымдау ұйымдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;

7) ведомствалық бағыныстағы ұйымдарда қаражатты тиімді пайдалану мәселесі бойынша қаржылық тексерулер жүргізуге;

8) ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарды (КМК) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;

9) белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, қалалық және аудандық атқарушы органдармен, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар және мекемелермен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға;

10) өз құзыреті шегінде коммуналдық саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға, коммуналдық шаруашылық, инженерлік инфрақұрылымның, абаттандырудың техникалық жай-күйіне бақылау жүргізуге;

11) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық және қалалық атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын тыңдауға;

12) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік жетекші фирмалармен байланыстар орнатуына жәрдемдесуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

14) тұтыну нарығын дамытуға, өзара тиімді сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, сондай-ақ облыстық және республикалық бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысуға;

15) заңнамамен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 17. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының өкілеттігі:

1) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

2) заңнамаға сәйкес Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы қызметкерлерін қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын білдіреді;

6) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді;

7) ішкі бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

8) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлімдерінің ережесін бекітеді;

9) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мынадай құрылымы болады:

1) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2) Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарлары;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

4) отын-энергетика кешені бөлімі;

5) инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

6) қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;

7) заң және кадр қызметі бөлімі.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 23. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

24. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Басқарманың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

25. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен шектен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2016 12:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.04.2019 11:15

Қаралым саны: 2275