Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.06.2017

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Атырау облысы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Атырау облысы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Атырау облысы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу функцияларын атқаруға уәкiлеттi, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылады.

Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, сонымен қатар Атырау облысы әкiмияты мен әкiмiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi басшылыққа алады.

Басқарма мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы бөлiмiнен, лицензиялау және аттестаттау бөлiмiнен және әкiмшiлiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнен тұрады.

Басқарманың штат саны — 13 бiрлiк.

Басқарма негiзгi мiндеттерi: құрылыстың технологиялық процесiнiң белгiленген мемлекеттiк нормативтерiнен ауытқушылықтарға, стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн құрылыс материалдарын (бұйымдарды, құрастырмаларды және жабдықтарды) қолдануға жол бермеу; жобалау құжаттамасында (жобалау-сметалық) бекiтiлген жобалық шешiмдерден, құрылыстың қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдардың, құрастырмалардың) көлемдерiнен, инженерлiк және технологиялық жабдықтан ауытқушылықтарды болдырмау; тапсырысшы (меншiк иесi) және (немесе) мердiгер (бас мердiгер) жүзеге асыратын атқарушылық-техникалық құжаттаманың тиiсiнше жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi бақылау; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру.

Атырау қаласы, Абай к-сi, 10а

gask info


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 16:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 16:37