Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат:

1.     Мекен-жайы: Атырау обл, Атырау қ, Әйтеке-би көшесі, 77 үй;

2.     Электронды пошта адресі: Atyrau_uebp@mail.ru

3.     Анықтамалық қызмет телефондары: 35-45-58;

 

 

«Атырау облысы Экономика және

бюджеттiк жоспарлау басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, экономика және бюджеттік жоспарлау салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөpi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Атырау облысы әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Атырау облысы Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесі;

орыс тiлiнде: государственное учреждение «Управление экономики и бюджетного планирования Атырауской области».

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Миссиясы: Басқарма халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде қалыптастырады және іске асырады.

14. Міндеттері:

1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мaқcaттapын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;

2) әлеуметтiк-экономикалық дамудың басымдықтарымен, салықтық және ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, бюджет және инвестициялық саясатты қалыптастыру және iскe асыру;

3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттер.

15. Функциялары:

1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсу төмендеуіне талдау жүргізу;

3) жалпыұлттық іс-шара жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да тапсырмаларын, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың хаттамалық тапсырмаларын, экономика мәселесі бойынша республикалық іс-шара жоспарын орындау, мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу, өз құзыреті шегінде облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын орындау;

4) облыстың атқарушы органдарының қатысуымен бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау;

5) болжамды әкімдік отырысының қарауына ұсынады, әкімдікпен мақұлданған болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

6) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған кезекті қаржы жылына арналған Меморандум жобасын әзірлеу;

7) бесжылдық кезеңге арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын жасақтау, стратегиялық құжаттарға талдау жүргізу және оның іске асырылуы бойынша жұмыстарды үйлестіру;

8) облыс аумағын дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын әзірлеу бақылау және мониторинг жүргізу;

9) бесжылдық кезеңге арналған қала мен аудандарды (аумақтарды) дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу, түзету және іске асыруын қадағалау;

10) Атырау облысында Жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оның іске асырылуына мониторинг жүргізу;

11) Жобалық басқарудың Өңірлік штаб отырыстарын ұйымдастыру, хаттамалық тапсырмалардың орындалысын қадағалау;

12) Жобалық басқару аясында құрылған Жобалық кеңсенің жұмысына мониторинг және бақылау жүргізу;

13) Жобалық басқару аясындағы Битрикс-24 ақпараттық-технологиялық платформасының жұмысына мониторинг жүргізу, оған егжей-тегжейлі жоспарларды уақытылы енгізілуін бақылау;

14) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына және аталған бағдарлама аясында моноқалаларды дамытуға арналған іс-шараларға тоқсан сайын мониторинг жүргізу және талдау жасау;

15) облыс экономикасын және мемлекеттік жоспарлауды дамыту мақсатында семинарлар, конференциялар, форумдар және басқа да шараларды дайындау және өткізу;

16) Атырау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;

17) Атырау облысындағы инфляция деңгейін ай сайын бақылау және талдау;

18) қаланың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын мониторинг, талдау жүргізу және жыл қорытындысы бойынша облыстың паспортын әзірлеу;

19) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы мониторингін жүргізу;

20) жыл сайын даму әлеуеті жоғары, орта және төмен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін анықтау;

21) әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдауды іске асыру, бақылау және мониторинг жүргізу;

22) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау бағыты бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысына мониторинг және талдау жүргізу;

23) үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін болжау; шоғырландырылған және облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын болжау,

24) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

25) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобаларды әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін жергілікті бюджеттік инвестициялық, концессиялық жобалардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

26) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

27) жер қойнауын пайдаланушылар бойынша түскен құжаттарға сараптамалар жүргізу;

28) жергілікті атқарушы орган анықтайтын заңды тұлғаларды бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне, тұжырымдамаға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргізу үшін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына конкурстық құжаттамалар жасақтау үшін тарту;

29) бюджеттік инвестициялық жобаларға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындылар дайындау;

30) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары тұжырымдамаларының конкурстық құжаттамаларының және шарттарының сараптамасы негізінде, соның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде экономикалық қорытынды дайындау арқылы келісу;

31) іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін қалыптастыру;

32) жергілікті жобаларды іске асыру мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдау;

33) облыс бюджетiн нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзiрлеу;

34) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту және бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегі облыстық мәслихат шешiмдерiнің жобаларын әзiрлеу;

35) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту жөніндегі мәслихаттардың шешiмдерiн iскe асыру туралы облыс әкiмдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

36) облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемi туралы облыстық мәслихаты шешiмiнің жобасын әзiрлеу;

37) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;

38) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және түзету жұмысын үйлестіру;

39) өңірлік даму мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тeтіктepiн түciндipу;

40) бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық параметрлерін айқындау үшін жергілікті бюджеттің түсімдерін болжау;

41) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастыру;

42) облыстық бюджетті әзiрлеу кезiнде облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды, талдайды және қорытындылар әзiрлеу;

43) облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттерiне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер көлемiн қарайды және ұсыныстар дайындау;

44) республикалық бюджеттен бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне, аудандар мен қалалар бюджеттерiне бөлiнетiн бюджеттiк кредиттердің болжамды көлемі мен нысаналы трансферттердi бөлу;

45) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен штат кестелерін талдауды жүзеге асырады, олардың штат санын өзгерту бойынша ұыныстар енгізу;

46) мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;

47) Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

16. Құқықтары:

1) облыс әкімдігіне облыстың әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды Басқарманың құзыретіне кіретін бағыттар бойынша icке асыру мониторингін жүзеге асыруға;

3) өз құзыретi шегiнде облыс әкіміне, облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға облыстың қалалары мен аудандарында экономика саласында жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар (ұсынымдар) ұсынуға;

4) облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептерді және облыс бойынша жиынтық есепті алуға;

5) облыстық бюджетті бекіту, нақтылау (түзету) сатысында, қажет болған жағдайда жергілікті жерде облыстық әкімшілік бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына тексеру жүргізуге;

6) өз құзыретi шегiнде құқықтық актілерді әзiрлеуге және шығаруға;

7) өз құзыретi шегiнде мемлекет катысатын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;

8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен құжатты сұратуға және алуға;

9) келісу бойынша олардың құрамына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін қосу арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға;

10) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

17. Міндеттері:

1) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Басқарма басшылығын басқарма жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Басқарманың бірінші басшысын Атырау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлiм басшыларынының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың бұйрықтарын шығарады;

5) Басқарманың құрылымы мен штат кecтeciн бекiтедi;

6) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың мүддесін білдіреді;

7) қалалық және аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмдері басшыларының лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу кезінде қалалар мен аудандар әкiмдіктерінің конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

8) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

9) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiкті жүзеге асырады.

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолдаңыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Басқарманы қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі жүзеге асырады.


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2016 09:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2019 14:34

Қаралым саны: 2070