2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жалпы ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Жалпы ақпарат

 

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) мәдениет, архив ісі мен құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Басқарманың орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 9.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Басқарманың миссиясы:

1) мәдениет және өнер аясында, соның ішінде тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруға қатысу;

2) облыс аумағында архив ісі мен құжаттама саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

3) саланы реформалауды жүзеге асыру және облыстың халқы мен ұйымдарына архив ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну болып табылады.

14. Басқарманың міндеттері: (Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы)

1) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

2) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құрады;

3) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

4) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

5) мәдениет саласында өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

6) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

7) архив ісі мен құжаттама жүргізуді дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асырады;

8) коммуналдық меншіктегі Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын, жиынтықталуын және оларды пайдалануды қамтамасыз етеді;

9) коммуналдық меншіктегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастырады, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

10) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, архив ісі мен іс қағаздар жүргізудің мемлекеттік жүйесін дамытады және жетілдіреді;

11) Атырау облысының мемлекеттік архивтер қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

12) архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

13) облыста архив ісін дамытудың негізгі шараларының жылдық жоспарын жасайды және олардың облыстың мемлекеттік архив мекемелерімен орындалуын бақылайды;

14) құпия іс жүргізу құжаттарын ұйымдастырады және мекемелердің құпия архивтерінің жұмысы, мекемелердің құпия құжаттарының құндылығын сараптау, мемлекеттік архивтерді жиынтықтау саласындағы әдістемелік мәселелерді ұйымдастырады;

15) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады.

15. Басқарманың функциялары: (Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 8 - бабы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15 - бабы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 18 – бабы, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы)

1) облыстық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

2) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүргізеді;

3) облыстық мәдени мақсаттағы объектілер мен архивтік мекемелердің құрылысын салу, қайта жаңғырту мен жөндеу бойынша тапсырысшы болады;

4) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми жаңғырту жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, жаңғырту және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

6) тарих және мәдениет ескерткіштері мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлеріне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, реттеу және қайта жаңғырту жобаларын қарайды және келіседі;

7) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;

9) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық кітапхана» мәртебесін береді;

10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;

11) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң мәні мен мақсатын айқындайды;

12) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдар мен өтініштерін қарайды;

13) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік архив мекемелерінің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

14) жергілікті уәкілетті органға мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәні мен мақсатын айқындау үшін, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындау үшін мемлекеттік мүлік жөнінде ұсыныстар енгiзеді;

15) мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөнiндегi есептерiн заңнамада көзделген жағдайларда қарайды, келiседі және бекiтеді;

16) Басқарманың қарамағындағы қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға белгiлейді;

17) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;

18) коммуналдық меншіктегі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттары бойынша ақпараттық желі мен деректер қорын құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

19) облыстың мемлекеттік ұйымдарындағы іс жүргізудің жай-күйіне бақылау жүргізеді;

20) архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын жасақтауға және әзірлеуге қатысады;

21) тиісті салада өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

22) архив ісін дамытудың және құжаттама жүргізудің жобаларын әзірлейді, мемлекеттік бағдарламаларын іске асырады;

23) архивтердің, архив қорлары мен топтамаларының ғылыми және тәжірбиелік құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастырады және тиісті құжаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құрамына енгізуге жататын мемлекеттік органдардың және өзге де заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың тізімін анықтайды, оларды сақтау мерзімін көрсете отырып, ұйымдар, мекемелер құжаттарының үлгі тізбесін әзірлеп, бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

24) архив ісі мен іс жүргізудің жай-күйін талдайды, заңдылықтардың беталыстарын зерделейді, оны дамыту тұжырымдамалары мен стратегияларын айқындайды;

25) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізеді және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, облыстың Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану тәртібін белгілейді;

26) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу тәртібін белгілейді;

27) ерекше құнды және бірегей архив құжаттарына жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтау тәртібін белгілейді;

28) салааралық ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасауды және ведомстволық архивтер жұмысы мен мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне бақылау жүргізеді;

29) сақтау мерзімі бар құжаттардың ведомстволық тізбесін, салалық стандарттарды, архив ісі және іс жүргізу мәселелері бойынша нұсқаулар мен оқу бағдарламаларын келіседі;

30) мемлекеттік, ведомстволық, жеке архивтердің архив ісі жөніндегі заңнаманы сақтауына мемлекеттік тексеру жүргізеді;

31) архив мекемелерінің архивтану, құжаттану және археография саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

32) мемлекеттік архивтерді техникалық жарақтандыру, архив технологияларын, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері мен деректер қорын енгізу саласындағы саясатты айқындайды;

33) заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарының сапалы орындалуын ұйымдастырады;

34) белгіленген тәртіпте архив ісі және құжаттама саласында шетелдердің архив ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

35) мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруда және істер номенклатурасын әзірлеуде тәжірибелік көмек көрсетеді;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

37) Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылау жүргізеді.

16. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3) облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдар қабылдаған мәдениет пен өнердің дамуына кедергі болатын нормативтік актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

4) басшылармен келісе отырып, жұмысқа жергілікті атқарушы биліктің басқа органдарының мамандарын тарту;

5) халықаралық көпжақты мәдени байланыстарды дамытуға қатысу;

6) фестивальдар өткізуге және шетелдерде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіптік және көркемөнер шығармашылығы күндерін, көркем ұжымдар мен орындаушылардың конкурстарын, байқауларын және Қазақстан Республикасының өнері мен мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да шараларды ұйымдастыру;

7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;

8) тарих, мәдениет және өнер ескерткіштерінің сәулеттік және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;

9) кәсіби шығармашылық ұйымдармен өзара іс -қимыл жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың мәдениет және өнер мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

10) мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік ұйымдар жанындағы мәдениет пен өнер туындылары қорларын іріктеу, жиынтықтау және сақтау жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

11) клубтарды, кітапханаларды, кинотеатрларды және басқа да мәдениет пен өнер объектілерін, сонымен қатар, архив мекемелерін жобалау және олардың құрылысын салу жөніндегі ұсыныстар енгізу және өз құзыреті шегінде қарастыру;

12) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда қаржы қаражатын пайдалану тиімділігіне бақылау жасау;

13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан архивтер жұмысы мен іс жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер сұрату және алу;

14) мемлекеттік және өзге де ұйымдардың өкілдерін архивтер жұмысы мен іс жүргізудің жай-күйі мәселелері бойынша тыңдау;

15) мемлекеттік архивке тапсырылуға жататын құжаттардың құрамы мен мазмұнын зерделеу;

16) Басқарманың және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тапсырмалары мен нұсқауларының орындалуын қамтамасыз ету;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

17. Басқарманың басшылығын басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. Басқарма басшысын Атырау облысының әкімі уәкілетті органмен келісе отырып, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

10) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Басқарманың мүлкі

21. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген, қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1. «Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана» мемлекеттік мекемесі;

2. «Облыстық балалар кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;

3. «Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;

4) «Атырау облысы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

5) «Атырау қаласы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

6) «Махамбет ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

7) «Исатай ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

8) «Индер ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

9) «Жылыой ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

10) «Мақат ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

11) «Құрманғазы ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

12) «Қызылқоға ауданы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі.

 Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 1. «Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2. «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3. Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры» облыстық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4. «Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5. «Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

6. «Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Махамбет тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

8. «Атырау облысы Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10. «Атырау облыстық музей қорығы «Хан Ордалы - Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

11. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Атамұра» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.


Мақаланың шыққан күні: 16.06.2016 09:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 11:05

Қаралым саны: 2659