Array Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.06.2017

Қызметтер

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ереже

Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі №95 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі №95 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері» қаулысына (облыс әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы №138, облыс әкімдігінің 2009 жылғы 23 қазандағы №237, 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №521, 2010 жылғы 29 қарашадағы №305, 2011 жылғы 5 қаңтардағы №1, 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №362, 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №372 және 2012 жылғы 15 ақпандағы №14 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулының «Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымы» қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ереже осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда қабылдансын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә.Шәкімовке жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов

Атырау облысы

Сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Атырау облысының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

7. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының миссиясы: өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан облыс аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

14. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 24-бабының 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-3), 3), 4), 6), 9), 10), 12-1), 14), 17) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 6), 6-1), 21-2), 21-4) тармақшаларына сәйкес:

1) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу;

2) облыстың әкімшілік бөлінісі аумағын қала құрылыстық игеруде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

3) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылу нормаларының, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

4) облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобаларын келісу;

5) облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру;

15. Функциялары:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 24-бабының 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-3), 3), 4), 6), 9), 10), 12-1), 14), 17) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 6), 6-1), 21-2), 21-4) тармақшаларына сәйкес:

1) облыста мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу және кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;

2) қала құрылысы кадастрының, жер бөліп беру және құрылыстың кезекші-оралымды жоспарларының, жер асты коммуникациялары мен инженерлік-геологиялық тұжырымдар атластарының орналасуын тіркеу жоспарларының сақталуын қамтамасыз ету;

3) сәулет және қала құрылысы органдары қызметін жақсарту және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) елді мекендер мен аумақтардың құрылысын жобалау, қайта құрылымдау, жаңғырту, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және қалалық дизайн мәселелерін реттейтін нормалар мен ережелерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған объектілерін қабылдауға қатысу;

6) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;

7) азаматтардың, ведомстволық бағынысындағы кәсіпорындар мен бөлімдердің Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша арыздарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

8) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

9) қала құрылысы кеңестері мен комиссияларын құру;

10) аумақтарда қала құрылыстық жобалаудың (облысты немесе оның бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді сызбасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

11) облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

12) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихаттың бекiтуіне ұсынады;

13) облыстық маңызы бас қалалардың бас жоспарларының жобаларын келіседі, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың қарауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;

14) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларының жобаларын (облыстық, аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;

15) қалалық мәслихаттар мақұлдаған облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын дамыту және облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын облыстық мәслихаттың қарауына ұсыну;

16) аумақты дамыту ережесін дайындау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның келісімін алу және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

17) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға негізделген ұсыныстар енгізу;

18) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу, не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы тұрғындарды хабардар ету;

19) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;

20) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

21) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

22) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

23) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумақта салынуы (қайта жаңғыртылуы, кеңейтілуі, жаңартылуы, күрделі жөндеуі) белгіленген объектілерге мониторинг жүргізеді;

24) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

25) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасында гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

26) оған облыс әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды орындау.

16. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құқықтары мен міндеттері:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы, елді мекендер мен қалалар құрылысы ережелері, бекітілген қала құрылысы құжаттамасы, құрылыс нормалары мен ережелері бұзылып орындалған құрылысқа арналған жобалау құжаттамасына келісім бермеу;

2) бекітілген қала құрылысы жобаларына (аудандық жайғастырудың, қала маңы аймағының жобасына, қаланың бас жоспарына, елді мекендер бөліктерін егжей-тегжейлі жайғастыру және олардың құрылысы жобалары мен басқа да жобаларға) қайшы келетін құрылыс объектілерін алдын ала орналастыру және жер учаскелерін бөлу жөніндегі ұсыныстарға келісім бермеу;

3) білікті мамандарды қала құрылысы құжаттамасы жобаларының сараптамасына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қала құрылысы саясаты жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын дайындауға қатысуға тарту;

4) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;

5) тиісті кәсіпорындар мен Атырау қаласының, аудандар әкімдері аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде ішкі қаржылық бақылау жүргізу;

7) белгіленген тәртіппен басқа атқарушы органдармен, меншік пен объектінің барлық нысандарындағы ұйымдармен, мекемелермен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

8) ведомстволық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарды (КМК) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

9) облыстың елді мекендерінің бас жоспарларын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі қызметтердің мемлекеттік сатып алуларын өткізетін бірыңғай ұйымдастырушысы болу;

10) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметін ұйымдастыру

17. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына басшылықты Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма бастығы жүзеге асырады.

18. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.

20. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының өкілеттігі:

1) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

3) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

4) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданылады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы жөніндегі актілерге қол қояды;

7) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

8) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуы үшін дербес жауапкершілікте болады;

9) заңнамаға сәйкес Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның директоры мен директорының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның штаттық кестесін және көтермелеу туралы ережені бекітеді;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзге де ұйымдарында Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасын білдіреді;

12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

21. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттігін айқындайды.

22. Басқарманың келесі құрылымы болады:

1) Бастық;

2) Бастықтың орынбасары;

3) сәулет бөлімі;

4) мемлекеттік қала құрылысы кадастры және мониторинг бөлімі;

5) қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімі.

4. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мүлкі

23. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосы алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

26. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 12:09