Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Ішкі аудит қызметінің 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 18-бабының 2-тармағына және «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес:

1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Ішкі аудит қызметінің 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Д.Е.Бектұрғановқа жүктелсін.

4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімі М.Досмұхамбетов


Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 16:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2020 16:02

Қаралым саны: 393