Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.07.2017

Қызметтер

Дін қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16–бабының 3–тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Мыналар:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi бекітілсін.

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №82 «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2900 тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 29 тамыздағы №258«Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №82 «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» қаулыларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2991 тіркелген, 2014 жылғы 27 қыркүйекте «Атырау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә.Шәкімовке жүктелсін.

4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов


Мақаланың шыққан күні:: 13.02.2017 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.02.2017 10:36